Алматыдағы арнайы ХҚКО басшысының орынбасары жазадан құтылды
Фото: Ашық дереккөздерден
Алматыда арнайы ХҚКО бөлімінің басшысының орынбасары заңсыз жолмен 930 мың теңге иемденді деген айыпқа ілінген. Дегенмен сотта ол кінәсін толық мойындап, жәбірленушімен татуласып, келтірілген залалды өтегені үшін жауапкершіліктен босатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сотқа дейінгі тергеу қызметі басшысының орынбасары Тимур Қырықбаев Kazinform-ның ресми сауалына мынадай жауап берді.
«Сот қаулысымен ол кінәсін толық мойындауына, жәбірленушімен татуласуына және келтірілген залалды өтеуіне байланысты, қылмыстық жауапкершіліктен ақтамайтын негіздер бойынша босатылды», деп жазылған қаулыда.
Антикордың мәліметінше, лауазымды тұлға жергілікті кәсіпкерден автомектеп курсанттарын жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыруға жіберу және құжаттарын кедергісіз қабылдауға жәрдемдесу сылтауымен 930 мың теңге көлеміндегі ақшаны заңсыз иемденді деген күдікке ілінген.
Сотқа дейінгі тергеу қызметі басшысының орынбасары Тимур Қырықбаевтың редакция сауалына берген жауабына сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша мамандандырылған № 1 бөлім басшысының орынбасары С.-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу материалдары сотқа жолданған.
Жаңалықтар
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды