Алматыда жүк көлігін жалған құжатпен тіркеген арнайы ХҚКО қызметкерлері сотталды

cover Фото: Көрнекілік үшін

Алматыда Арнайы ХҚКО қызметкерлері жүк көлігін жалған құжат арқылы тіркеген. Тергеу мәліметінше, 2023 жылы Арнайы ХҚКО-ның бес қызметкері жалған құжатпен 18 жүк көлігін заңсыз тіркеп, олардың нақты шығарылған жылын бұрмалаған, деп хабарлайды Orda.kz.      

«Олардың іс-әрекеттері нәтижесінде мемлекеттік бюджет көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алым ретінде көзделген 164 млн теңге түспей қалды», деп атап өтті қадағалау органының баспасөз қызметі.

Арнайы прокурорлар Алматы қаласының арнайы ХҚКО қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеу нәтижесінде 2023 жылы Арнайы ХҚКО-ның 5 қызметкері 18 жүк көлігін жалған құжаттар бойынша заңсыз тіркеп, олардың нақты шығарылған жылын бұрмалағаны анықталды.

Құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алым ретінде көзделген 164 млн теңге мемлекеттік бюджетке толық түспеді. Кешенді жүргізілген тергеу әрекеттері мен сот сараптамалары нәтижесі айыпталушылардың құқыққа қарсы әрекеттерін толығымен растады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өтелді. Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.


 
Оқи отырыңыз:



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар