Алматыда жолайрық құрылысына байланысты көше жабылады

cover

Алматы қалалық мобильділік басқармасы жолайрық құрылысына байланысты көшелердің бірі жабылатынын айтты.  

Бұл туралы  Orda.kz   хабарлады  

Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы жолайрықта құрылыс -монтаждау жұмыстары басталды.

Аталған жұмыстарға байланысты Рысқұлов даңғылындағы көлік қозғалысы кестесіне өзгерістер енгізіледі:

1. 2021 жылдың 26 қыркүйегі мен 4 қазан аралығында түнгі сағат 23:00 -ден таңғы сағат 05:00 -ге дейін Рысқұлов даңғылының батыс бағытында көлік қозғалысы шектеледі.

2. Батыс және шығыс бағыттары бойынша Райымбек даңғылымен жүру үшін Рысқұлов даңғылының оңтүстік бөлігі ашық болады.

3. Рысқұлов даңғылы бойындағы басқа көшелерде қозғалыс бұрынғы режимде жүзеге асады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар