Алматыда шу шығарған ер адам былтыр автобуста әйелді соққыға жыққан

cover Коллаж: almaty.official

Бүгін, 7 наурыз күні ер адам Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алды. Көп ұзамай ол қолға түсті. Алматылықтар ер адамды бірден таныды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Куәгерлердің айтуынша, шабуылдаушы алдымен терминал қызметкерінен құжат сұраған, артынша оның шашынан тартып, бас салған. Алайда оны полиция емес, досын шығарып салуға келген ер адам ұстауға жәрдем берді. Кепілге алынған қыздың орнына өзін ұсынған Мұса Әбдірайым шабуылдаушының қаруын қағып жіберді. Осы кезде дайын тұрған полиция қызметкерлері қылмыскердің қолына кісен салды. Әуежайдағы шулы оқиғаның видеосы желіде тарады. Көп ұзамай желі қолданушылары ер адамның былтыр күзде автобуста әйелге қол көтерген видеосын жариялады. Ер адамның киімі мен жол сөмкесі сәйкес келеді.

Полиция бұл ақпаратты растады. Автобуста (қарашадағы) әйелге қол көтерген ол бүгін әуежай қызметкерін  кепілге алды. 

«Қараша айында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Өткен жылдың желтоқсанында сот оны бір жылға бостандығын шектеу жазасына кескен», деп хабарлады полиция.

Kazachkov offside телеграм арнасының мәліметінше, бұл нақты автобуста шу шығарған адам. Алматы әуежайында шу шығарған қылмыскер 66 жастағы Машрапбек Баратов екен. Автобустағы жағдайдан кейін полиция оны «бұзақылық» бабымен ұстаған. 

Алматы қалалық полиция департаменті әуежай қызметкеріне шабуылдаған ер адам былтыр автобуста әйелге тап берген адам екенін растады. 2024 жылы желтоқсанда оның бостандығы бір жылға шектелген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әуежайда шабуылдаушының суық қаруын тартып алған адамды мемлекеттік наградаға ұсынды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар