Алматыда оқытушыға пышақпен тап берген студент 7 жылға сотталуы мүмкін
Фото: freepik.com
Алматыдағы Логистика және көлік академиясында (ALT University) оқытушысына пышақпен тап берген 18 жастағы екінші курс студенті 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға оқу орнының ерлер дәретханасында болған. Студент 35 жастағы математика пәнінің оқытушысына тап беріп, мойын тұсына жарақат салған. Бұл қақтығысқа оқытушының төмен баға қойғаны себеп болуы мүмкін.
Университет әкімшілігінің мәліметінше, зардап шеккен ұстаздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол қазірдің өзінде жұмысқа шығып, сабақ беріп жүр екен.
«Мұғалім әжетханаға кірген, артынан іле-шала студент кіріп, бір ауыз сөз айтпастан пышақпен қоқан-лоқы көрсете бастаған. Оқытушы, шүкір, аман-есен. Қазір емтихан уақыты болғандықтан, жұмысын жалғастырып жатыр. Студентке қатысты айтар болсақ, ол тергеу изоляторына қамалды, қылмыстық іс қозғалды», — деді ALT University аппарат басшысы Жәнібек Смадияров.
Оқиғадан кейін оқу орнында күзет күшейтіліп, қауіпсіздік шаралары қатаңдатылған.
Айта кетейік, Вашингтонда Мұхтар Мағауиннің жылдық асы өтті.
Жаңалықтар
- Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев әлемдік миллиардерлер тізіміне енді
- Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атағынан айырылды
- АҚШ Ормуз бұғазы маңында Иранның 16 мина қоятын катерін жойды
- 380 азамат «Sirius Energy» қаржы пирамидасының құрбаны болды
- Иран теңізге мина қоя бастады, АҚШ «теңдессіз соққымен» сес көрсетті. Таяу Шығысқа шолу
- Зеленский: Үшжақты келіссөздердің кезекті раунды келесі аптада өтуі мүмкін
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті