Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
Фото: Zakonanimal.kz
Алматының Алатау ауданында тұрғындар қоқыс алаңынан жануарлардың бөлшектелген қалдықтарын тауып алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Куәгерлердің айтуынша, бұл жерден терісі сыпырылған сегіз иттің өлексесі табылған. Сонымен қатар тұрғындар сол маңнан түлкінің бастары, биологиялық қалдықтарға толы қаптар мен көп мөлшердегі аң терісін көргендерін айтады. Сыртқы белгілеріне қарағанда, жануарлар арнайы бөлшектелген болуы мүмкін.
Оқиға орнында көлік іздері байқалған. Тұрғындардың болжамынша, жануарлардың қалдықтары бұл жерге көлікпен әкелініп тасталған болуы ықтимал.
Оқиға туралы хабардан кейін полиция қызметкерлері келіп, табылған жануар қалдықтарын алып кеткен. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Оқиға орны мұқият тексеріліп, мүмкін куәгерлерден жауап алынуда, сондай-ақ бұл іске қатысы болуы мүмкін тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы
- Трамп: АҚШ Иранға жасалатын соққы қарқынын 20 есе арттыруы мүмкін
- Қырғызстанда мектеп маңында зиян тағам сатуға тыйым салынады
- Тегеран Түркия, Әзербайжан және Кипрге шабуыл жасамаған — Иран СІМ