Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсетпекші болған қылмыстық топ құрықталды

cover Бейнеден кадр

Қазақстан Ішкі істер министрлігі жедел деректерге сәйкес кәсіпкерлерге қысым көрсетуді жоспарлаған қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.      

ІІМ мәліметінше, 27 наурыз күні Алматыда жедел әзірлеме аясында адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру деректері бойынша қылмыстық істерге байланысты тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізілді.

Құқық қорғау органдарының үйлестірілген әрекеттері нәтижесінде іске қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, ұсталды.

Операция барысында 17 санкцияланған тінту жүргізілді. Заңсыз айналымнан атыс қарулары, оның ішінде жауынгерлік тапаншалар мен сәйкестендіру нөмірлері жоқ Калашников автоматы, сондай-ақ әртүрлі калибрлі шамамен 500 оқ-дәрі тәркіленді.

ІІМ мәліметінше, тәркіленген қару-жарақ пен оқ-дәрілер бизнес өкілдеріне қылмыстық қысым көрсету үшін пайдаланылуы жоспарланған.

«Қылмыстық қысым көрсету мен тұрақсыздандырудың кез келген әрекеттері заң аясында қатаң түрде тоқтатылады», — деп мәлімдеді ІІМ. 

Ведомство дер кезінде қабылданған шаралар ауыр салдардың алдын алуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Еске салсақ, 26 наурызда Алматыда әл-Фараби даңғылында болған өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасынан кейін полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу басталды. Ішкі істер министрінің тапсырмасымен Алматы қаласында болған резонанстық жол-көлік оқиғасы алғашқы сәттен бастап ерекше бақылауға алынды. Сонымен қатар қазіргі уақытта қоғамда айтылып жатқан барлық уәждер тексерілуде.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар