Алматыда есту қабілеті нашар таксисті бейнеге түсірген блогер елден кешірім сұрады
Фото:Бейнеден кадр
Блогер Нұрилә Аманбаева есту қабілеті нашар такси жүргізушісін мазақ қылған әрекеті үшін кешірім сұрап, бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Блогердің бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіге салған бейнежазбасы дау тудырды. Ол көлік ішінде баласына шулауға рұқсат беріп, өзі дауыстап ән айтып, жүргізушіні сыртынан рұқсатсыз бейнеге түсірген еді. Енді сол қылығына қатты өкініп отыр екен. Блогер бейнені жариялағаннан кейін өмірі де күрт өзгеріп кеткенін айтты.
«Ақымақ болып жариялаған сұмдық бейнежазбам үшін түсініктеме бергім келеді. Қателігімді толық мойындаймын және жауапкершілікті мойныма аламын. Бәрінен кешірім сұраймын. Қатты ұялып тұрмын», — деді Нұрилә Аманбаева.
Блогердің әлеуметтік желідегі парақшасында 63 мыңнан астам оқырманы бар. Оқиғадан кейін қолданушылар оның аккаунтына бойкот жариялады. Оның әрекеті қоғамда резонанс тудырды. Сондай-ақ, полиция блогердің бұл әрекетінің дұрыс емесін айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, Қаскелеңде 21 жастағы қызды өлтіріп кетті. Күдікті ретінде 20 жастағы жігіт ұсталды.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды