Алматыда бірнеше күдікті адам ұрлап бара жатқан жерінде ұсталды

cover Фото: Polisia.kz

Алматы тұрғындары бірнеше тұлғаның бір адамды көлікке мәжбүрлеп отырғызып жатқанын көріп, дереу полицияға хабарласқан. Нәтижесінде күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Оқиға бойынша ақпарат полицияда тіркеліп, күдікті көлік қысқа уақыт ішінде анықталған. Көлік ішінде жәбірленуші және оқиғаға қатысы бар бірнеше ер адам болған.

Полиция мәліметінше, күдіктілер жәбірленушіге өздерін құқық қорғау органдары қызметкерлері ретінде таныстырған. Кейін оған психологиялық қысым көрсетіп, күштеп көлікке отырғызған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. 

«Күдікті тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл – аса ауыр қылмыс. Куәгердің арқасында заңсыз әрекеттің жолы кесілді», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар