Алматыда бірнеше көлік пен жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Фото: freepik.com
Алматыдағы Сайын көшесінде бірнеше жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соғылды, деп хабарлады Orda.kz.
Жол апаты кеше, 7 желтоқсан күні сағат 23.10-да болған. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оңтүстік бағытқа қарай қозғалып келе жатқан Škoda маркалы көліктің жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, алдында келе жатқан Chevrolet автокөлігіне соқтығысқан. Соққы әсерінен Chevrolet аялдамада жолаушыларды түсіріп-мінгізіп тұрған автобусқа барып соғылған.
Сонымен қатар, соққыдан кейін Škoda бағытын жоғалтып, сол жолақпен қатар жүріп келе жатқан Volvo көлігімен соқтығысқан.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Апат салдарынан 2009 жылы туған Škoda жолаушысы зардап шекті. Жасөспірім қаладағы балалар ауруханаларының біріне жеткізілді.
Айта кетейік, Ақтөбеде бөтен көлікке мінген 16 жастағы жасөспірімнің денесі көлден табылды.
Жаңалықтар
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр
- АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп