Алматы облысындағы Нарынқол шекара бекетінде әскери қызметші мен баласы қаза тапты

cover Фото: Көрнекілік үшін

Алматы облысындағы Нарынқол шекара бекеті аумағында болған өрт салдарынан әскери қызметші мен оның баласы көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2025 жылдың 6 желтоқсанында Алматы облысындағы «Нарынқол» шекара бекеті аумағындағы қызметтік үйде өрт шықты. Өрт ТЖД күштерімен сөндірілді. Төтенше жағдай салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза болды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды» деп жазылған хабарламада. 


Шекара қызметі қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Оларға қажетті барлық көмек көрсетілуде.

Еске салсақ, 2024 жылы Қазақстан шекарасында 55 мың адам заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар