Алматы облысындағы ауыл тұрғындары шетелдіктерге жер беруге қарсы шықты

cover Фото: Бейнеден кадр

Кеген ауданында бес мың гектардан астам жер шетелдік компанияларға берілген. Ауыл тұрғындары мал бағатын жердің жоқтығын айтып, Тоқаевтан көмек сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.

Ақсай ауылының тұрғындары аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаевтың 5 538 гектар жерді шетелдік компанияға беруге бұйрық бергенін айтты. Ал тұрғындар қанша жылдан бері бұл учаскелерді мал жаю үшін пайдаланып келеді.

«Біз ауыл шаруашылығымен күн көріп келеміз. Әкім ештеңеге көмектеспейді. Біз жерді тексеруге, қазуға қарсымыз», — деді бір топ адам.

Әкім Теңізбаевтың 2024 жылғы 8 қазандағы қаулысына сәйкес, Ballu Industrial Ltd компаниясы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін 5 175 гектар жерді уақытша пайдалануға алды. Топографиялық-геодезиялық және іздестіру жұмыстарына рұқсат берілді.

Кеген ауданының әкімдігі бұл жағдайға түсініктеме берді. Олардың айтуынша, жерді беру оны иеліктен шығаруды білдірмейді. Бұл уақытша келісім. Ал геологиялық барлауға рұқсат 2020 жылы берілген екен. Әкімдік тек учаскеге кіруді ресімдеген. Прокуратура мен басқа да мемлекеттік органдар тексеру жүргізіп, заң бұзушылықтар таппады.

«Жер мемлекет меншігінде қалады және ешкімге берілмейді. Тұрғындардың барлық құқықтары сақталады», — деді әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, Маңғыстау тұрғыны полицияның көзінше өзін өртемек болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар