Алматы облысында салынатын жаңа қалада екі миллион тұрғын болады

cover

Алматы облысында салынады деп жоспарланған жаңа қалада екі миллиондай адам тұратын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлім етті.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, Алматы мен Қонаев арасында G4 City жобасын жүзеге асыру қайта қолға алынды.

«Бұл бағыттағы бірінші қадам – «G4 City» қаласы мен Қонаев қаласының бір бөлігін қамтитын арнайы экономикалық аймақ құру. «G4 City» 3,7 триллион теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр.  3,2 трлн теңге салық түсіп, сондай-ақ 34 мың жұмыс орны ашылды», - деді әкім.


Айтпақшы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «G4 City» қаласын жеке әкімшілік бірлік ретінде құру жұмыстары жүргізілуде.

«Оның аумағы 88 мың гектарды құрайтын 4 аймаққа бөлінген. 2050 жылға қарай онда 2 миллионнан астам адам тұрады деген болжам бар»  делінген хабарламада.


Бұған дейін де Алматы облысында тағы бір қала пайда болуы мүмкін екені хабарланған болатын. Алматы облысы Іле ауданындағы Жетіген ауылын облыстық маңызы бар қалаға жатқызу ұсынылды. Алматы облысындағы жаңадан құрылған қалаға «Алатау» атауы берілмек.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар