Алматы облысында 2 балдық жер сілкінісі болды

cover Фото: Ашық дереккөзден

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 117 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды Orda.kz.      

Алматы облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ТЖМ.

«Сейсмологиялық зерттеулер және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер асты дүмпулері Астана уақыты бойынша сағат 22:55-те тіркелген.

Жер сілкінісі ошағы Алматы облысының Іле ауданында, Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 117 шақырым жерде орналасқан.

Сонымен қатар жер сілкінісі Алматы облысындағы Күрті ауылында сезілген. Оның қарқындылығы 2 балл болған.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар