Алматы облысында 15 жастағы қызды 8 жігіт екі ай бойы зорлап келген
Фото: Orda.kz
Алматы облысы Райымбек ауданында 15 жастағы тұл жетім қызды 8 жігіт екі ай бойы зорлап, бопсалап қорқытып келген. Orda.kz тілшісі заңгер Инга Иманбай ұйымдастырған баспасөз мәслихатына барып істің жай-жапсарын біліп қайтты.
Жаға ұстатарлық жағдай Райымбек ауданына қарасты ауылдардың бірінде болған. Небары жүзге жуық тұрғыны бар ауылда жетім қызды жүйелі түрде зорлап, екі ай бойы бопсалап, секс-құлдықта ұстаған. Ал 8 жігіттердің үлкені 2000 жылғы болса, кішісі 2009 жылғы екен. Жасөспірімнің ата-анасы осыдан бес жыл шамасында қайтыс болған, одан соң оны туған ағасы мен жеңгесі қамқорлыққа алған. Ағасының айтуынша, араға ұзақ жыл салып келген сәби болған соң бәрі бұл қызды аялап өсірген. Ағасы үйленген, бес баласы бар, өз балаларымен бірдей өсіріп отырған қарындасы осындай қатігездікке тап болады деп төрт ұйықтаса түсіне де кірмепті.
Жәбірленуші жасөспірім Назеркенің (қыздың аты өзгертілді) айтуынша, жігттердің барлығы оны түнгі 2-3 шамасында үйінен қорқытып шығарып алып, көлікпен айдалаға апарып өздерінің арам әрекеттерін жасапты. Ең бірінші зорлау әрекеті 2026 жылдың 1 қаңтарында болған екен, ал ең соңғысы ақпан айының соңында болған. Екі айға созыған тозақтан қыз әбден психологиялық соққы алып, шорқақ болып қалған.
«Мен әлеуметтік желіде бастапқыда 2006 жылғы жігітпен жәй ғана сөйлесіп жүрдім. Кейін ол мені кеште сыртқа кездесуге шықпасаң ағаңа айтып, арамызда болған хаттардың барлығын көрсетемін деп қорқытты. Ата-анам қайтыс болған соң мені туған ағам қамқорлығына алды. Ол кісі мен кішкентай болған соң жігітпен жүру не сөйлесу деген нәрсеге қатал қарайтын. Қорыққандықтан мен шықтым. Ол мені түнде үйдегілер бәрі ұйықтап қалған соң шығарып алып, көлігіне салып ауылдың шетіне алып кетті. Көлікте аз ғана сөйлескен соң ол маған қолын жүгіртіп, алдымен санымды сыйпалап, артынша мойынымды ұстай бастады. Сыртқа шығарып шалбарымды шешіп, өзінің де шалбарын шешіп, менің еркімнен тыс жыныстық қатынасқа түсті. Кейін мені үйге әкеліп тастады, үйге келгенде төмен жағымның дымқыл әрі қан болғанын көріп оған жаздым. Ол маған сумен жуып таста да, ешкімге айтушы болма, егер айтсаң — ағаңа бәрін айтып, масқараңды шығарамын деп қорқытты», — дейді Назерке.
Осы 2006 жылғы жігіт артынша келіп түнгі үштер шамасында қоқан-лоққы көрсетіп тағы да қызды зорлаған екен. Содан не керек жасөспірім үшін ары қарайғы тозақ басталыпты. Қыздың нөмірін келесі 2000 жылғы жігіт алып хабарласып, бірінші жігітпен жатқан екенсің, ағаңа айтамын деп түнгі үштер шамасында ел шырт ұйқыда жатқанда тағы далаға шығарып көлікпен алыр кетіп, зорлаған.
«Осыдан кейін өмірім тозаққа айналды, ешкімге ештеңе айта алмадым. Іштен тынып жүрдім. Артынша нөмірім тарап кетті. Алдыңғы мені зорлаған жігіттер бірінен біріне беріп, маған неше түрлі жігіттер хабарласты. Олар мені бұл жолы ағаңа айтамын дегенен басқа ең бірінші жігітпен арамызда болған хат алмасуды тик-токға саламыз деп қорқытты», — дейді жасөспірім.
Күдікті жігіттер түнгі сағат 01:30–03:00 аралығында хабарласып, қорқыту арқылы үйден шығарып отырған. Қалған 7 жігіт те қызға осылай қоқан-лоққы көрсетіп, білген иттігін жасаған екен. Бас-аяғы жасөспірімді сегіз жігіт зорлаған. Назеркенің айтуынша, олардың арасында бір істеген әрекетін қайталап, екі-үш рет зорлағандары да бар екен.
Бұл қылмыс туралы ақпарат алдымен мектепте оқушылар арасында тарай бастайды. Қыздың ағасы Мұхтар Мәлібектің айтуынша, ол өсекті бастаған жәбірленуші қыздың мектептегі сыныптасы екен. Мұны мектеп директоры естіп, қызды шақырып, барлық мән-жайды сұрап алады. Алайда заң талаптарына сәйкес дереу полиция шақырудың орнына, ол бұл деректі 5 күн бойы жасырған. Тек бесінші күні ғана қыздың ағасына хабар берілген екен.
Жасөспірімінің ағасы Мұхтар Мәлібектің айтуынша, істі тіркегеннен кейін әлі жігіттердің туыстары үйіне келіп «Бие сұрасаң бие, түйе сұрасаң түйе береміз» деп кешірім сұрап, мазаларын алған екен. Ең сорақысы қыздың өзі сондай жағдайды айтып, былтыр жазда лагерьде бұзылып келгені туралы қауесет таратқан екен.
«Туыстары үйге де келді, не істейсің істі ушықтырып, қыздың өзінен де бар, ертең бәрібір қызды кінәлі қылады, өздерің қиналып қаласыңдар деп айтты. Не сұрасаң да береміз деп айтты. Мен ақшаға құныққан адам емеспін, маған қарындасымның ары қымбат. Елде неше түрлі қауесет айтылып жатыр. Мен қарындасымды сыртқа ел шырт ұйқыда жатқанда алып кетіп жүргенінен хабарсыз болдым. Егер ол кешке қарай 7-8-дер шамасында шығып, жоқ болып кетіп жүрсе бір күмән болар еді ғой. Қазір аядай ғана ауылда өсек деген өріп жүр, бәріне кішкентай ғана қарындасымды кінәлі қылуда. Қалайша кәмелеттік жасқа толмаған, оң мен солын білмейтін момын қыз өзі еркімен екі ай бойы зорланады?», — деді ашынған ағасы.
Қылмыстық іс 2026 жылғы 16 наурызда тіркелгеніне қарамастан, 8 күдіктінің ешқайсысы қамауға алынбаған. Райымбек ауданындағы учаскелік полиция бөлімшесінде тіркелген іс артынша Қонаевқа ауыстырылған. Заңгер Инга Иманбай істің әлі бір орында тұралап тұрғанын айтады. Зорлықтан кейін екі ай өтіп кетсе де, қыздың бойында ешқандай жігіттердің биологиялық қалдықтары қалмаса да физиологиялық сараптама жасатқан.
Әдетте бала зорлығына қатысты бір күнде шығатын физиологиялық сараптама қорытындысы бір айдан асып кетсе де әлі шықпапты. Күдіктілердің тек үшеуімен ғана беттестіру болған, олар тек әлеуметтік желіде сөйлестік деген соң босатып жіберген. Қалған бес жігітті тіпті жауап алуға да шақырмаған.
«Сегіз жігіттің тек үшеуінен ғана екі ай бойы жауап алу дегеніміз тергеудің формалды жүргізіліп жатқанын және ықпал ету фактілері болуы мүмкін екенін көрсетеді. Бұл қылмыс жеке эпизод емес, керісінше бірнеше тұлға тарапынан бірдей тәсілмен, келісілген түрде жасалған жүйелі әрекет. Күдіктілер бір-бірімен байланыста болған, бірдей қосымшалар арқылы хабарласып, жәбірленушіні қорқыту арқылы әрекет еткен. Сонымен қатар, іс бойынша маңызды цифрлық дәлелдемелер (WhatsApp, TikTok хат-хабарлары, геолокация, байланыс детализациясы) толық зерттелмеген, бұл істің әдейі әлсіретіліп жатқанын көрсетеді. Біз бұл істі жай ғана қылмыс емес, бала құқықтарының өрескел бұзылуы және жүйелік әділетсіздік деп бағалаймыз. Әдетте бала зорлығында күдіктілер бірден қамалады, ары қарай тергеледі. Бұл жерде тіпті бір ай бұрын алынған физиологиялық сараптаманың қорытындысы да жоқ. Ағасы неге қамамайсыңдар күдіктіні десе, сараптама қорытындысы шықсын деп айтқан. Бұндай бала зорлықтарында күдіктілер өмірбақиға сотталуы мүмкін. Жасөспірім өз еркімен жыныстық қатынасқа түсті деген ақтау еш жүрмейді, себебі бұл 15 жастағы қыз, бұл кәдімгі зорлық әрі педофилия», — дейді Инга Иманбай.
Осы іске қатысты Алматы облысының полиция департаментіне сұрау салып, олардан келесідей жауап алдық:
«Полиция қызметкерлері он алты жасқа толмағаны белгілі тұлғамен жыныстық қатынас жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жүргізіліп жатқан жедел-іздестіру іс-шаралары аясында оқиғаға қатысы бар тұлғалар шеңбері анықталуда, олардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.Оқиғаны жан-жақты, толық әрі объективті тергеп-тексеруді қамтамасыз ету мақсатында тергеу-жедел тобы құрылды».
Сонымен қатар Алматы облысының полиция департаменті қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Тергеу барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Orda.kz алдағы уақытта істің қалай өрбитінін бақылауға алады.
Жаңалықтар
- Алматы облысында 15 жастағы қызды 8 жігіт екі ай бойы зорлап келген
- Тегеранда қаза тапқан жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеиді еске алу рәсімі өтті
- ШҚО-да адам өлтіруге оқталған күдіктілер қолға түсті
- Полиция алматылықтардың 5 мыңға жуық көлігін айып тұрағына қойды
- Бітім бе, шатасу ма? АҚШ пен Иран келіссөздері үш түрлі жоспарға бөлініп кетті
- Қонаев қаласы маңындағы 1 гектар аумақта қамыс өртенді
- Туризм министрлігі америкалық тревел-блогерді неге күтіп алмады? Министрліктің ресми мәлімдемесі
- Наурыз ҰБТ: Ереже бұзған 264 талапкердің нәтижесі жойылды
- 13 теңгелік бензин: Иран өзін-өзі қалай алдап отыр?
- Ең көп жалақыны кім алады? Министрлік табысы жоғары мамандарды атады
- Жоқ малға субсидия алған: 3 миллиард теңгеден астам залал келтірген 15 адам сотталды
- Бішкекте зираттарға не үшін бейнебақылау камералары орнатылып жатыр?
- Трамп өзін қолдамаған НАТО одақтастарын жазаламақшы
- АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің алғашқы раунды 11 сәуірде өтеді — Ақ үй
- Алматы облысында 2 балдық жер сілкінісі болды
- Бітім қыл үстінде: Израиль соққыларынан кейін Иран Ормуз бұғазын қайта жапты
- 14 күндік келісім: Пезешкиан Пәкістанға делдал болғаны үшін алғыс білдірді
- Қырғызстанда қазақстандық әйелге бала саудасы бойынша үкім шықты
- Италия сапары мен қымбат тұрмыстық техника: Астанадағы қалалық емханада 675 млн теңге жымқырылған
- Перизат Қайрат түрмеде тазалықшы болып жұмыс істеп жүр