Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясының бағасы өседі
Бұл туралы Алматы қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті өзінің ресми Facebook парақшасында хабарлады. Алайда бұған дейін ашық қоғамдық тыңдаулар өтеді. Тыңдаулар «Алатау жарық компаниясы» акционерлік қоғамының «ЭнергоСбыт» филиалының өтініші бойынша ұйымдастырылады, деп хабарлайды Orda.kz.
Сонымен қазіргі электр энергиясы тарифін 6,6 пайызға көтеру ұсынылып отыр. Есептеу үшін екі нұсқа ұсынылған: тұтыну көлеміне байланысты және тұтынушылар санаты бойынша.
Тариф мөлшерлемелері әзірге түпкілікті емес, олар 15 қыркүйекте өтетін қоғамдық тыңдаулардың нәтижесі бойынша бекітіледі.
Тыңдаулар Алматы қаласы, Қожамқұлов көшесі, 170 А мекенжайында өтеді.
Басталуы – сағат 11:00-де.
Онсыз да өңірлерді қымбатшылық жайлап, отандық өндіріс импорттық өнімнің көлеңкесінде қалып келеді.
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, тамыз айында жылдық инфляция 12,2 пайызға дейін жеделдеді (шілде айында – 11,8 пайыз болған). Ең көп баға өсімі мына өңірлерде байқалды:
- Қарағанды облысы – 14,4 %
- Ұлытау облысы – 13,6 %
- Ақмола облысы – 13 %
- Атырау облысы – 12,8 %
- Солтүстік Қазақстан облысы – 12,6 %
- Ақтөбе облысы – 12,5 %
- Батыс Қазақстан облысы – 12,4 %
- Астана қаласы – 12,8 %
- Алматы қаласы – 12,7 %.
Сонымен қатар сарапшылар да Қазақстан халқының кірістері мен шығыстары жөніндегі статистиканы зерттеп, елімізде азық-түлікке жұмсалатын шығын үлесі әлем бойынша ең жоғары деңгейде екенін анықтады. Бір сөзбен айтқанда халық бес жылдан бері табысының жартысынан көбін тамаққа жұмсап отыр.
Жаңалықтар
- Енді ресми: 2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді
- Қызылқайраттағы қанды оқиға: Адам өлімі мен бала ұрлау, тергеушілердің ісі сотқа өтті
- «Ақтауға негіз жоқ»: Сәденов Шымкент полициясын қатаң сынап тастады
- Павлодарда «қандас» құжатын жасап алған ауғанстандық азамат әлеуметтік төлемдерді заңсыз алған
- Тоқаев пәкістандық басылымға эксклюзив сұхбат берді
- Алматылықтардың 1000-нан астам үйі мен жер телімі сүріледі: Әкімдік орнына не салмақшы?
- Алматыда жүргізуші рөлде келе жатып жүрегі ұстап қайтыс болды, салдарынан 5 көлік соқтығысты
- Автокөлік нөміріне онлайн қалай өтініш беруге болады?
- Жетісу облысында жер сілкінісі сезілді
- Мектеп оқушылары қосымша бір апта демалады
- Жерде магниттік дауыл басталды: Қандай өзгеріс болады?
- Нұрай ісі: Күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
- Масамен күреске 13,6 млрд теңге бөлінбек: Павлодар облысы әкімдігі бұған не дейді?
- Түркістан облысында заңсыз алтын өндірген 12 адам тергеуге алынды
- Зеленский украиналық 55 мың сарбаз қаза тапқанын мәлімдеді
- Милан Олимпиадасының спорттық сайыстары басталды
- Блогерлер ісі: Жаңабыловтарға қатысты тергеу аяқталды
- Жапонияда қалың қардан қаза тапқандар саны 35 адамға жетті
- Петропавл маңындағы орманда үсіп қалған 18 жастағы жігіттің денесі табылды
- Министрлік қызылша ауруы өршуіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады