Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адамға қатысты сот отырысы басталды
Фото: Orda.kz
Алматы халықаралық әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адамға қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматының Түрксіб аудандық сотында наурызда әуежай қызметкерін кепілге алған 67 жастағы Машрапбек Баратовтың ісі бойынша сот процесі басталды. Сот отырысына жәбірленуші Ботагөз Мұхтарова да қатысып жатыр.
Еске салайық, Машрапбек Баратовқа үш бап бойынша айып тағылған. Ол сотта кінәсін толық мойындады.
Ол кепілге алу, қару қолдана отырып бұзақылық жасау және терроризм актісі туралы жалған хабар беру баптары бойынша жауапқа тартылуда. Бұл айыптар бойынша ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тергеу мәліметінше, күдікті қол сөмкесінде бомба бар деп жолаушыларды қорқытқан. Сондай-ақ, оқиғаға дейін оның үйқамақта болғаны анықталды — ол автобуста бір әйелге қол көтергені үшін сот шешімімен үйқамаққа алынған.
Жаңалықтар
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
- Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды
- «Балаларымды көрмегеніме бір ай болды». Шымкентте кәсіпкер мен тоқалының арасында дау шықты
- Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев әлемдік миллиардерлер тізіміне енді
- Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағынан айырылды
- АҚШ Ормуз бұғазы маңында Иранның 16 мина қоятын катерін жойды
- 380 азамат «Sirius Energy» қаржы пирамидасының құрбаны болды
- Иран теңізге мина қоя бастады, АҚШ «теңдессіз соққымен» сес көрсетті. Таяу Шығысқа шолу
- Зеленский: Үшжақты келіссөздердің кезекті раунды келесі аптада өтуі мүмкін
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды