Алмасадам Сәтқалиев лауазымынан босатылды

cover Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Сәтқалиев енді атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы ретінде жұмысын жалғастырады.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктіңтэ төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды» деп мәлімдеді Ақорда.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар