«Алақан майлау»: Ақтөбеде 300 мың теңге пара сұраған бөлім басшысы 9 млн теңге айыппұл арқалады
Фото: Gov.kz
Ақтөбе облысында Ырғыз аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Медет Бердалин пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекеттік қызметкерге Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі («Пара алу») бойынша айып тағылған. Тергеу дерегінше, Бердалин аудан тұрғынынан жер телімін жалға алу мәселесін оң шешіп беру үшін 300 мың теңге көлемінде пара талап еткен.
Сот анықтағандай, тұрғын Нұра ауылдық округі аумағынан шөп шабуға арналған жерді 1 ай мерзімге жалға алмақ болған. Бердалин оны кабинеттен шығарып сөйлесіп, кейін қалаға шақырып, мәселені шешу үшін ақша сұраған. Азамат бұл туралы ҰҚК-ге хабар берген.
2025 жылғы қыркүйекте күдікті аудан тұрғынын өзінің жұбайының атына тіркелген Kaspi Gold шотына екі бөлікпен — 200 және 100 мың теңге — аударуға көндірген. Ақшаны әйелі үй қажеттілігіне жұмсаған.
Ырғыз аудандық соты Бердалинді кінәлі деп танып, оған 9 млн теңге айыппұл (параның 30 еселенген мөлшері) салу туралы үкім шығарды. Сондай-ақ ол мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда өмір бойы қызмет ету құқығынан айырылды.
Сотталушы жәбірленушілер өтемақы қорына 78 640 теңге төлеуге міндеттелді. Күзетпен жүрген кезі есепке алынып, айыппұл құны 8 653 984 теңгеге азайтылды.
Бердалин өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Сот залынан босатылды.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Тоқаев Ердоғанмен 14 мамырда болатын кездесуді талқылады
- Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерация президентінің кеңесшісі атанды
- Ақмола облысының тас жолында фура жол жиегінде тұрған көлікке соқтығысты
- Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына кінәлі 10 жылға сотталуы мүмкін
- Енді атыраулықтар Ташкентке тікелей ұша алады
- Соғыс басталғалы бері Ормуз бұғазынан алғашқы Ирак танкері өтті
- Өскеменде полиция қызметкерін атып кеткен күдіктілер ұсталды
- Тағы бір танымал блогерге халықаралық іздеу жарияланды
- Полиция Шахтинск қаласындағы өртке кінәліні ұстады
- Зеленский Ресей жаппай қауіпті соққы жасауы мүмкін екенін мәлімдеді
- Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алды
- Трамп Иранмен уақытша бітімге келді: Соғыс 5 күнге тоқтады
- Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың бейтарап елдерді шарпып жатқанына қарсымыз: Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісімен кездесті
- Атырауда мереке кезінде 80-ге жуық бала ата-анасынан көз жазып қалды
- Алдағы күндері оңтүстік өңірлер 28 градусқа дейін жылынады
- Тоқаев «Тазару күніне» орай қазақстандықтарға үндеу жасады
- Нью-Йорк әуежайында ұшақ өрт сөндіру көлігіне соғылды: Зардап шеккендер бар
- Алматыда алып ағаш көшенің қақ ортасына құлап түсті
- Трамп Израильге барып, беделді марапат алуды қарастырып отыр
- Шахтинскіде газ жарылды: Сегіз адам зардап шекті