Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына кінәлі 10 жылға сотталуы мүмкін

cover Фото: Freepik

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы департаментінің орынбасары полковник Руслан Шәріпбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Оның айтуынша, тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі, яғни абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған адам 10 жыл бас бостандығынан айырылады. Полковник қазір күдікті медициналық мекемеде полицейлердің бақылауында екенін, жағдай тұрақталғаннан кейін оны уақытша ұстау изоляторына орналастыратынын айтты.

«Кінәлілердің барлығы заңға сәйкес жауапқа тартылады. Азаматтардан шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауды және тек ресми дереккөздерге сүйенуді сұраймыз», – деді полковник Руслан Шәріпбаев.

Полиция мәліметінше, оқиғаның барлық қатысушылары мен оған қатысы бар адамдар анықталды. Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілді. Ал көліктер айыппұл тұрағына қойылды. Сондай-ақ, жүргізушіге алкогольдік ішімдік ішкені үшін медициналық куәландыру тағайындалды. Оның қорытындысы алдағы уақытта хабарланады. Құқық қорғау органдары бейнебақылау камераларындағы барлық жазбаларды, соның ішінде жеке бейнежазбаларды тәркіледі, олар қылмыстық іс материалдарына қосылып, егжей-тегжейлі зерттеліп жатыр.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар