Ақыры Путин мен Трамптың жақын арада кездесетіні ресми расталды
Коллаж Orda.kz
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Владимир Путин мен Дональд Трамптың алдағы күндері екіжақты жоғары деңгейдегі кездесу өткізетінін растады,деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін халықаралық ақпарат құралдары екі ел басшылары келесі аптада жүздесуі мүмкін екенін хабарлаған болатын. Ал кездесуді АҚШ тарапы ұсынған еді.
Еске сала кетейік, 6 тамыз күні Мәскеуде АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Владимир Путин арасында үш сағатқа созылған келіссөз өткен. Осыдан кейін Путин мен Трамптың кездесуі туралы ақпарат тарай бастады.
ТАСС мәліметінше, Путин мен Трамптың кездесуі өтетін орын келісілді. Бірақ ол туралы ресми ақпарат кейінірек жарияланады. Келесі апта Путин мен Трамптың кездесуіне алдын ала жоспарланған уақыт ретінде белгіленді, алайда дайындық жұмыстары қанша күнге созылатыны әзірге белгісіз. Уиткофф Путин, Трамп және Зеленский арасындағы үш жақты кездесу идеясын көтерді. Бірақ әзірге Мәскеу бұл ұсынысқа түсініктеме бермеді.
Жаңалықтар
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы
- Трамп: АҚШ Иранға жасалатын соққы қарқынын 20 есе арттыруы мүмкін
- Қырғызстанда мектеп маңында зиян тағам сатуға тыйым салынады
- Тегеран Түркия, Әзербайжан және Кипрге шабуыл жасамаған — Иран СІМ