Ақтөбеде жоғарғы сынып оқушы жүкті болып қалды: Іс қозғалды

cover Фото: Pexels

Aқтөбеде жоғары сынып оқушысын жүкті қылған ер адамға қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Диапазонның мәліметінше, оқиға Ақтөбе облысы Темір ауданындағы мектепте болған. Мектеп директоры ол оқиғаны жоққа шығарды. Ал білім басқармасы қазір қыздың сабақта жоқ екенін және қыздың өзі толыққанды отбасынан шыққанын, оқу үлгерімі жақсы екенін айтты.

«Кәмелетке толмаған тұрғынмен жыныстық қатынасқа түсу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, заңда көзделген барлық тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қамтамасыз етілді. Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында», деп мәлімдеді Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Оқи отырыңыздар:



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар