Ақтөбеде сержант насыбай үшін сарбазды саңырау қылды: сот үкімі шықты
Фото: Envato
Ақтөбеде сержант мерзімді әскери қызметкерді есту қабілетінен айырғаны үшін 1 жылға сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға былтыр жазда Ақтөбе облысындағы әскери бөлімдердің бірінде болған. Мәліметтерге сүйенсек, сержант сарбаздың насыбай атып жатқанын байқап, оны “тәрбиелемекші” болыпты. Ол сарбазды әртүрлі дене жаттығуларын орындауға мәжбүрлеп, кейін куәгерлердің көзінше сарбаздың бетінен кітаппен ұрған.
Сержанттың соққысынан сарбаз есту қабілетінен айырылды. Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша, оның сол жақ құлақ қалқаны жарылғаны, бұл жарақаттың есту қабілетін толық жоғалтқаны анықталды.
Осы жағдайға байланысты Ақтөбе гарнизондық соты 22 жастағы сержантқа сарбаздың денсаулығына орташа деңгейде зиян келтіргені үшін 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Сонымен қатар сотталған азамат жәбірленушіге 2 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.
Жаңалықтар
- Мектеп оқушылары қосымша бір апта демалады
- Жерде магниттік дауыл басталды: Қандай өзгеріс болады?
- Нұрай ісі: Күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
- Масамен күреске 13,6 млрд теңге бөлінбек: Павлодар облысы әкімдігі бұған не дейді?
- Түркістан облысында заңсыз алтын өндірген 12 адам тергеуге алынды
- Зеленский украиналық 55 мың сарбаз қаза тапқанын мәлімдеді
- Милан Олимпиадасының спорттық сайыстары басталды
- Блогерлер ісі: Жаңабыловтарға қатысты тергеу аяқталды
- Жапонияда қалың қардан қаза тапқандар саны 35 адамға жетті
- Петропавл маңындағы орманда үсіп қалған 18 жастағы жігіттің денесі табылды
- Министрлік қызылша ауруы өршуіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
- Пәкістандықтар Тоқаевты саясат қайраткерлеріне берілетін орденмен марапаттады
- Қазақстан мен Пәкістан стратегиялық әріптес атанып, 37 құжатқа қол қойды
- Тоқаев Пәкістан премьерімен не туралы сөйлесті?
- Запастағы 850-ден астам офицер әскери қызметке шақырылады
- Ресейде мектеп оқушысы сыныптастарын өртеп, балға ала жүгірді
- Қазақстандық дәрігерлер «Нипах» ауруының алдын алу бойынша үндеу жасады
- Илон Маск байлығы 800 млрд-тан асқан тарихтағы алғашқы адам
- «Орнына мені ұр деп айтатынмын». Талдықорғанда туған әкесі ұрып-соққан 3 жасар баланың жағдайы белгілі болды
- Ресейде тараздық екі жігіт диверсия жасап істі болды