«Бізге тіреу болатын ешкім жоқ»: Ақтөбеде нағашы апайынан қорыққан 5 бала көмек сұрады

Ақтөбеде нағашы апайынан «қысым көрдік» деген балалар бейнеүндеу жасап, президенттен көмек сұрады. Балалардың айтуынша, анасының жүйке аурулар ауруханасына түсуіне нағашы апайы кінәлі, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе қаласында жалғызбасты әйелдің 5 баласы қиын жағдайға тап болды. Балалар халықтан, Тоқаевтан көмек сұрап, бейнеүндеу жасады. Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап кетті. Онда жалғызбасты әйелдің бұрынғы күйеуі мен өз туыстарынан қысымға ұшырағаны жазылған.
«Біз «Аяла» балалар орталығында отырмыз. Бір күннің ішінде тума апайымыз анамызды жүйке аурулар ауруханасына жатқызды. Бізді орталыққа жіберді. Үй сататын кезде бауырлар мүлікке таласып, анамызға үйдің үлесінен бас тарту қағазын жаздырып алды. Кішкентайлар балалар үйіне кетіп қалуы мүмкін. Біз қатты қорқамыз. Бізге тіреу болатын ешкім жоқ. Әкеміз ішеді. Анамыз бізді осыған дейін жалғыз өзі қарап келді. Бір күнде отбасымыздың тас -талқаны шықты. Көмектесіңіздерші», — деп жылайды бейнежазбада балалардың үлкені.
Orda.kz тілшісі мән-жайды өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығынан сұрастырды. «Аяла» әлеуметтік орталығының директоры Гүлбаршын Жиенқұлованың айтуынша, 2025 жылы 15 сәуір күні ата-анасының қарауынсыз қалуына байланысты 5 бала орталыққа орналасқан. Балалардың осы жақта мектепке барғаны, жағдай жасалғаны айтылды. 21 мамырда анасы ауруханадан шығып, көмек сұраған соң дағдарыс орталығына орналасуға көмектеседі.
Белгілі болғандай, қазіргі уақытта балалардың анасы қайтадан ауруханаға жатқызылған.
«1986 жылы туған науқас психиатриялық есепте тұрады. 2025 жылдың сәуір айында бір ай бойы облыстық психикалық денсаулық орталығында стационарлық ем қабылдаған. Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығында емделіп жатыр», — деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Orda.kz тілшісі желідегі бейнежазбаның авторын тапты. Жалғызбасты әйелдің үлкен қызы Құралай Есболова оқиғаның сәуір айында басталғанын растайды. Айтуынша, дау ағайынды азаматтардың қыздарының арасынан шыққан.
«Мен бұл бейнежазбаны оқиға болған кезде түсірдім. Үйге талас болды. Анамның әпкелері оны ажырасып кеткен күйеуімен қосқысы келеді. Қайта-қайта көлік шақыртып, әрекет жасады. Анам әкемнен қорқады. Ата-анам ажырасқан. Біз анамызбен 4-5 жылдан бері нағашы әжеміздің қасында, оның жеке үйінде тұрдық. Әжем сол үйді сатып, бізге, өзіне көпқабатты үйден пәтер қарағысы келді. Сол кезде анамның апалары араға түсті. Соның арасында анамнан үйдің үлесінен бас таруды жаздырып алады. Біз үйден бас тартпайтынымызды айтқанда олар баса-көктеп кіріп, анама қол көтерді. Сол жерде төбелес шықты. Нағашы апайым: «пышақпен бәрімізді қуып жатыр, шешесін сабады, балалары қараусыз, жеңіл жүрісті адам» деп бригада шақырды. 8 адам келді. Сол күні анамды алып кетті. Апайым бұрын полицияда жұмыс істеген. Күйеуі де полиция қызметкері, майор. Өзінің мүмкіндіктерін айтып анама: «менімен ойнама, сені жатқызып жіберемін» деп жиі айтып отыратын еді», — деді балалардың үлкені Құралай Есболова.
Балалар Алматыда ем алып жатқан анасымен күнде хабарласып отырғанын айтты. Қазір олар өздеріне көмек көрсеткен еріктінің үйінде тұрып жатыр.
«Іс басталғалы осы балалардың қасында жүрмін. Олар маған хабарласып көмек сұрады. Балалар әділдікке жеткісі келеді. Барлық дәлелдер бар. Апайы менен де ақша сұрады. Анасының құрдастарынан ақша жинаған. Балалар тыныш өмір сүргісі келеді. Балалар апайларынан қысым көріп жатыр», — деді ерікті Әсел Мұқан.
Ақтөбе облысының білім басқармасы балалардың ата-аналары 2021 жылы заңды түрде ажырасқан деген ақпарат берді.
«Әкесі ішімдікке бейім, балаларының тәрбиесіне және тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу мәселеріне араласпайды. Аналарының ата-аналық құқығы шектелмеген. Балалар анасының ем қабылдау кезеңінде уақытша мемлекет қамқорлығына алынып, кейіннен өзіне табысталды. Құзырлы органдардың мәліметіне сәйкес, анасының атына тұрғын үй тіркелмеген», — деді білім басқармасы.
Осы жағдайдан кейін жасөспірім қайта бейнежазба түсіріп, резонанс болғанын айтып, қолдап жатқан адамдарға алғысын білдірді. Дегенмен бұл әділдікке жету үшін әлі де аздық ететінін айтып мән-жайды егжей-тегжейіне дейін баяндап берді.
Еске сала кетсек, Ақтөбе облысында 13 қазан күні 14 жастағы жасөспірім босанды.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- «Бізге тіреу болатын ешкім жоқ»: Ақтөбеде нағашы апайынан қорыққан 5 бала көмек сұрады
- «Атасы күдікті»: Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушы қыз босанды
- Тауқыметі таусылмаған Талғарда тағы да прокурор ауысты
- Ердоған Түркиядағы түркі тілдес халықтардың жұмысқа орналасу ережесін өзгертті
- Семей қаласының жаңа әкімі сайланды
- Ермұрат Бәпи Ресей букмекерлеріне қарсы: қазақстандықтардың миллиардтарын кім қалтасына басып жүр?
- Тоқаев пен Путин телефон арқылы тағы сөйлесті
- Денсаулық сақтау экс-министрі Алексей Цой жаңа қызметке тағайындалды
- «Бұдан да қорқынышты істер жасағанбыз»: Яна Легкодимованы өлтірген жігіттердің хаттары жарияланды
- «Еркектер арасындағы дау»: Хасан Қасымбаевтың сотында айыпталушылар жауап беріп жатыр
- «Түрмедегі қазақтар»: Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы қақтығыстан қандастар жапа шекті
- «Өлген әйелдің денесін қорлады»: Шымкентте жантүршігерлік қылмыс істеген оқушының соты басталды
- 20 жылға сотталған Дикий Арманның адвокаттары үкімге шағымданғалы жатыр
- «Қарағандыдағы полиция бөлімінде қайтыс болған қыз»: Жаңа мәліметтер белгілі болды
- «Кәмелетке толмаған»: Қазақстанда «үйлену үшін қыз алып қашқандардың» алғашқы қылмысы тіркелді
- Мадагаскар президенті жастардың жаппай наразылығынан кейін елден қашып кетті
- Аты аңызға айналған Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік Абай облысына келді
- Қазақстанның павильоны Жапониядағы EXPO-да бірінші орын алды
- Таразда 32 жастағы ер адам өзіне от қойып, көз жұмды
- Жөндеу ме, жауапсыздық па?: Ақан серінің мазарына ауыр техника кіріп, зираттарды басып өтті