Ақтөбе облысында жол апатынан мерт болғандар арасында 3 жасар бала бар
Фото: Orda.kz
Самара-Шымкент автожолы бойындағы жантүршігерлік жол апатына қатысты тың деректер шықты. Қаза болған 12 адамның екеуі бала. Тағы бір жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр.
Orda.kz тілшісі мән-жайды анықтады.
Қайғылы оқиға Ақтөбе облысында 23 қазан күні таңғы сағат 08:40-та болды. Жол апатынан мерт болған 3 және 9 жастағы балалар әкелерімен бірге жолға шыққан. Қайтыс болған бір баланың әкесі ауруханада жатқаны айтылды.
Мерт болғандардың арасында анасы мен студент ұлы бар. Әйтеке би ауданы әкімдігінің хабарлауынша, 16 орындық жаңа ГАЗель Жүргенов ауылынан таңғы сағат 07:00-де шыққан. Тасымалдаушы жеке кәсіпкер, маусым айынан бастап ресми түрде келісім-шартпен облыс орталығы мен ауыл арасына қатынап жүрген.
Ал жол апатынан зардап шеккен 6 науқас Хромтау аудандық ауруханасында жатыр. Олардың бірі – 2009 жылы туған бала.
«Облыс орталығынан келген ересектер мен балаларға арналған екі дәрігерлік бригада жұмыс істеуде. Құрамында реаниматологтар, травматологтар, хирургтер және нейрохирургтер бар. Пациенттерге шұғыл көмек көрсетілді. Дәрі-дәрмек пен қан компоненттері жеткілікті», деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасы.
Оқиға орнына Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров барды. Әкімдіктің хабарлауынша, қаза болған 10 жолаушының отбасына 1 млн теңгеден көмек көрсетіледі.
«Оқиға орнына өзім келіп, қарап шықтым. Жанымызға бататын ауыр қаза. Тума-туыс, жақындарына көңіл айтамыз. Біз үшін өте ауыр қаза болды. Таңғы сағат 08:00-ден өте осындай оқиға болғаннан кейін барлық тиісті мемлекеттік органдар өз жұмысын атқарып келеді. Біздің тарапымыздан жан-жақты көмек ұйымдастырылды. Барлық жағдай өз бақылауымда болады», — деді Шахаров.
Айта кетейік, жантүршігерлік оқиға 23 қазан күні Самара – Шымкент автожолының бойында болды. Ақтөбе облысы Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен «Газель» маркалы жолаушылар көлігі соқтығысып 12 адам мерт болды.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ Иранға қарсы шабуылдарды жақында тоқтатуы мүмкін — Трамп
- Қырымда ұшақ жартасқа соғылды: 29 адам ажал құшты
- Бойжеткен көшеде жатқан темекіні шегемін деп жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты
- Microsoft, Apple және Tesla: Иран АҚШ-пен байланысы бар алпауыт компаниялардың күлін көкке ұшырмақ
- Өз әкесін азаптаған тұрғынның жазасы қатаңдады
- Прокурорлар Жақсылық Омарға алты жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Ақтөбеде ер адам өз үйіне түскен ұрыны өзі ұстап алды
- «Болашақ» бағдарламасында қандай өзгерістер болады? Саясат Нұрбек жауап берді
- Қазақстанда алғаш рет жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды
- Боқаевтың жақтастары оған қатысты істі тікелей эфирде ашық түрде қарауды талап етті
- Тоқаев Ресейдің жетекші мыс өндіретін компания басшысымен бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады
- Қаныш Сәтбаев: халқым менен де биік. Қазақстандағы қазбалы байлықтың ғылыми жүйесін құрған ғалым
- Сағын сындыру үшін жасалған әрекет: Заңгер Әділетхан Молдаханның інісі мәлімдеме жасады
- Жетісулықтар тағы бір жер асты дүмпуін сезді
- Бес әнімнің ақысын бермеді деген композиторға әншінің өзі арыз жазды
- Ұсталған Әділетхан Молдахан туралы не белгілі?
- Сәуірден бастап бақылау күшейеді: аударымдар да назарда
- Елімізде пойыз қозғалысын реттеуде Starlink спутник жүйесі қолданылады
- Баян Алагөзова: Радикализм, «Алтын Ханым» және әл-Фарабидегі апаттар
- Жетісу облысында магнитудасы 5,4-ке тең жер сілкінісі болды