Ақтөбе облысында республикалық автожол су тасқынына байланысты жабылды

cover Фото: Видеодан кадр

Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жол су тасқыны салдарынан уақытша жабылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қазавтожолдың мәліметінше, бүгін, 18 наурыз күні таңғы 07:00 шамасында «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» республикалық автожолының 92 шақырымындағы Жем көпірі маңында су тасқыны тіркелді. Тасқынның ұзындығы 100 метр, ал биіктігі 50 см. 

Су деңгейінің көтерілуі салдарынан жолдағы барлық көлік қозғалысына шектеу қойылды. Ал оқиға орнына 7 арнайы техника, 15 маман барып, бақылау жүргізуде.

Еске салайық, кеше, 17 ақпан күні БҚО-да Шідерті өзенінің деңгейі көтеріліп, көпірді бұзып кеткен еді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар