Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаевтың басы тағы дауға қалды
Фото: Бейнеден кадр
Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаевқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалған ақпарат таратқаны үшін айып тағылып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы блогердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Азамат Сәрсенбаев Антикордың оны сотқа бергенін мәлімдеді. Оның үстінен 73-3-бап, 2-бөлігі, яғни «көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша әкімшілік іс қозғалды. Блогердің жауапқа тартылуына Instagram-дағы жазбасы себеп болған.


Ол өз жазбасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің бірін сынға алған. Ол суреттегі мекеменің Антикор қызметкеріне қатысы барын айтқан. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, блогердің жазбасы шындыққа жанаспайды екен. Блогерге 700 мың теңге айыппұл салынады немесе 25 тәулікке қамауға алынады. Сәрсенбаев қазақстандықтарға мемлекеттік органдардың жұмысын сынауға неге тыйым салынғанын түсінбейтінін айтты.
Айта кетейік, 2024 жылы желтоқсанда Ақтау маңындағы ұшақ апатының орнын суретке түсіргені үшін осы блогерді полиция ұстап әкеткен еді.
Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін журналистермен брифинг өткізді
- Қуандық Рахым референдумда дауыс берді, Димаш денсаулығына байланысты қатыса алмады
- Референдум: Мүмкіндігі шектеулі жандар қалай дауыс береді?
- Қазақстан полициясы күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр
- Референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы ақпарат жаңарды
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
- Назарбаев референдумда дауыс беруге келді
- Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді
- ОСК референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы дәл қазіргі мәліметті берді
- Азат Перуашев Референдумда дауыс берді
- Алматы облысы Іле ауданына тілшінің бақылап, ақпарат таратуына қарсы болған жағдай тіркелді
- Референдум: Бостандық ауданы тұрғындарының дауыс беруге белсенділігі байқалмады
- Референдум: ҚазҰУ учаскесінде қалай өтіп жатыр?
- Мәжіліс спикері жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
- Өтеген батыр ауылында референдумға дауыс беріліп жатыр, бірақ кейбір тұрғындар қиындыққа тап болды
- Ауыл тұрғындары қуана- қуана дауыс беріп жатыр
- Референдумға қатысуға кімдердің құқығы жоқ?
- Қазақстанның жаңа конституциясына дауыс беру басталды, референдумға дайындыққа 70 мың адам қатысты
- Рефендум: Аккредиттелген халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өтті
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды