Ақтаулық блогер Антикордың шамына тигені үшін қамалды
Фото: Instagram/ azamat_sarsenbayev
Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев 20 күнге қамалды. Оған «көрінеу жалған ақпарат таратты» деген айып тағылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтаулық блогерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалған ақпарат таратқаны үшін айып тағылды. Бұл туралы блогердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
Бұған дейін Азамат Сәрсенбаев Антикордың оны сотқа бергенін мәлімдеген еді. Ол өз жазбасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің бірін сынға алған. Оның үстінен 73-3-бап, 2-бөлігі, яғни «көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша әкімшілік іс қозғалған.
Бүгін, 28 мамыр күні сот отырысы өтіп, блогер 20 тәулікке қамалды. Ал блогердің әлеуметтік желіге жариялаған жазбасы өшірілді.
«Мен әлі күнге дейін түсіне алар емеспін. Менің 4 балам бар. Кәсібім бар. Жұмыстарымның бәрі жоспарланып қойған еді. Бәрі қалды», — деді блогер.
Блогер сот шешімімен келіспейді. Ол сотқа апеллияциялық шағым түсірмекші. Азамат Сәрсенбаев бассыздық болғанын, құқығы тапталып жатқанын айтты.
Айта кетейік, 2024 жылы желтоқсанда Ақтау маңындағы ұшақ апатының орнын суретке түсіргені үшін осы блогерді полиция ұстап әкеткен еді.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?