Ақтауда жаяу жүргінші өтетін жолақта 2 баланы көлік қағып кетті

cover Фото: Pixabay

Ақтау қаласында жаяу жүргінші өтетін жолақта 2 оқушыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды Orda.kz.

Ақтаудың Шығыс-1 және Шығыс-2 шағын аудандарының арасында жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан 2 оқушыны жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік қақты. Зардап шеккендер Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2 оқушының бірі жансақтау бөлімінде жатыр.

«Жол апатынан зардап шеккен 2013 және 2014 жылы туған балалар бастарынан жарақат алды. Олардың жағдайы ауыр. Дәрігерлер тексеру жүргізіп, қажетті көмек көрсетеді»,  деп хабарлады ведомство. 

Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік министріне сөгіс жариялаған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар