Ақтауда қыз бала элиталық үйдің 18-қабатынан құлап кетті

cover Фото: zhk-green-plaza.megotel.ru

Ақтаудағы ең танымал элиталық тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Orda.kz.

Green Plaza тұрғын үй кешенінің 18-қабатынан қыз бала құлап кетті. Ол оқиға орнында қайтыс болды, мәйітті үйдің тұрғындары тауып алған.


«Қыздың өлімінен кейін «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», -деп хабарлады Маңғыстау қалалық ІІД. 


Әзірге жәбірленушінің аты-жөні де, жасы да айтылмаған. Сондай-ақ, қыздың өзі секіріп кеткені немесе оны итеріп жібергені белгісіз, оқиғаның мән-жайын тергеушілер анықтап жатыр.

Жақында Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерінің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар