АҚШ соты Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың ұлын кінәлі деп таныды
Коллаж: Orda.kz
Нью-Йорктің Оңтүстік округінің федералды соты Ілияс Храпуновты сотты құрметтемегені үшін кінәлі деп тапты. Шешім Алматы қаласы мен «БТА Банкі» АҚ-ның талап-арызы бойынша шығарылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады.
Сот Храпуновтың өз активтері туралы үнемі есеп беруді міндеттейтін бұйрықты бұзғанын анықтады. Енді ол ақша мен мүлік туралы толық мәлімет беруі керек. Орындалмаған жағдайда оған жаңа санкциялар тағайындалады. Сонымен қатар, Ілияс Храпунов талапкерлерге сот шығындарын өтеуге міндетті.
Ілияс Храпунов Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың ұлы және «БТА Банктің» бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзовтың күйеу баласы. Қазақстан билігі оларды миллиондаған доллар жымқырды және ақшаны жылыстатты деп айыптайды.
Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапеновтің ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты мәлімет беруден бас тартты.
Жаңалықтар
- Арнайы ХҚКО басшылығы жүргізуші куәлігі үшін пара алып, сотты болды
- Наурыздағы бата мен тілек: Дәстүрдің мәні неде?
- Қазақстанда несие беру талаптары жаңартылды
- Бұрынғы шенеунік Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады
- Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады
- АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін теңіз жаяу әскерін пайдалануы мүмкін
- Атырауда техниканы жалға алып, ломбардқа өткізген екі әйел ұсталды
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан