Ақорда өз қызметкерінің екі рет сатылған тұрғын үй кешеніне қатысы жоғын мәлімдеді
Коллаж: Orda.kz
Orda.kz президент әкімшілігінен Рустам Баялиевке қатысты ресми жауап алды.
Қазан айының соңында Orda.kz «Тау көктем» тұрғын үй кешені туралы көп жылдан бері жалғасып келе жатқан даулы тарихы туралы жазды. Бұл Алматының тау бөктеріндегі тұрғын үй кешені. Ол жердегі пәтерлер екі рет сатылды. Алдымен 2000 жылдардың ортасында, содан кейін 2020 жылдың басында. Дәл осы компания 2017 жылы «Тау көктем» тұрғын үй кешенін сатып алып, оны Silver Hills деп өзгертті және пәтерлерді басқа адамдарға екінші рет сатты.
«Тау-көктем» үлескерлерінің өкілі заңгер Андрей Қазынашев «Көк Бәйтеректен» келген Рустам Баялиев президент әкімшілігінің өңірлік даму мониторингі бөлімінің қазіргі меңгерушісі екенін атап өтті.
Orda.kz президент әкімшілігіне: «қазіргі қызметкерлеріңіз Рустам Баялиевтің 2015-2024 жылдары «Көк Бәйтерек» ЖШС-не қатысы бар ма?» деген сұрақты жолдады.
«Сіздің сұрауыңызда көрсетілген кезеңде президент әкімшілігінің өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі Рустам Баялиев «АстанаЭнергоСервис» АҚ (басқарма төрағасы) және президент істері басқармасында (президент істері басқарушысының орынбасары) жұмыс істеді», — деп хабарлады Ақорда.
Рустам Баялиев меңгеруші болған «АстанаЭнергоСервис» АҚ да даулы ұйымдардың бірі.
«АстанаЭнергоСервис» 1999 жылдан бастап 2019 жылға дейін елорданың электр энергиясын таратуда делдал рөлін атқарды. 2019 жылы билік «АстанаЭнергоСервисті» тарату туралы мәлімдеп, себептердің қатарында жоғары шығындарды атады. Белгілі болғандай, «АстанаЭнергоСервиске» жылына шамамен миллиард теңге жұмсалды. Оның 600 миллионы жалақы қорына тиесілі болған.
Президент әкімшілігінің жауабына сәйкес, Рустам Баялиев кемінде төрт жыл «АстанаЭнергоСервис» басқармасының төрағасы болған. Деректерге қарағанда «АстанаЭнергоСервис» жұмысын тоқтатқан жоқ және әлі де жұмыс істеп келеді. Оның тек басшылары мен құрылтайшысы өзгерген. 2019 жылғы 19 маусымнан 2025 жылғы 30 қазанға дейін құрылтайшысы «Astana» ӘКК, ал соңғы үш аптада Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті құрылтайшы болды.
Осы уақыттың көп бөлігінде Рустам Баялиев басқарма төрағасы болған, өйткені ол президент әкімшілігіне 2024 жылдың қаңтарында ғана ауысқан. Сонымен қатар, Баялиев 2019 жылға дейін «АстанаЭнергоСервис» төрағасының орынбасары болған Ермек Әлімовтың жетекшісі болған. Әлімовтің блогер Махамбет Әбжанның ісінде аты аталды. Ол 2023 жылы бизнесмен Рашит Махаттан 50 миллион теңге бопсалағаны үшін сотталды.
Айта кетейік, СҚО-да элеваторда жұмыс істеген 34 жастағы әйелді қамбадағы астық басып қалып, қаза тапты.
Жаңалықтар
- Бейтаныс ер адам үйіне қайтып бара жатқан қыздың басын таспен ұрып, қан-жоса етті
- Астанада 23 мыңнан астам адам тұмау жұқтырды: Қалада шараларға шектеулер қойылды
- Ақорда өз қызметкерінің екі рет сатылған тұрғын үй кешеніне қатысы жоғын мәлімдеді
- Геннадий Головкин World Boxing президенттігіне жалғыз үміткер болып қалды
- СҚО-да элеваторда жұмыс істеген 34 жастағы әйелді қамбадағы астық басып қалып, қаза тапты
- «Судья мен алқабилер ауысты»: 30 млн бопсалаған блогерлерге қатысты сот қайта басталды
- АҚШ пен Ресей Украинадағы соғысқа қатысты құпия жоспар дайындап жатыр
- «Ең ауыр атыстың бірі»: Ресейдің Тернопольге шабуылынан кейін 19 адам қаза тапты
- Алғабастағы өрттен зардап шеккендердің бірі санавиациямен Шымкентке жеткізілді
- Өскемендегі түрмеде бағынбаған сотталушыларға қарауыл оқ атты
- Түркістанда 12 адамның өмірін жалмаған өрттің алдын ала себебі анықталды
- Ақтөбеде пара алған білім саласының төрт бірдей қызметкері айыппұлмен құтылды
- БҚО-да мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы ұсталды
- Депутаттар азаматтық-құқықтық шартқа тыйым салып, шетелдіктердің айлығын қысқартпақ
- Алматыдағы Баум тоғайында он мың ағаш түп-тамырымен жойылып, орнына тұрғын үй салынуы мүмкін
- Астанада қайтыс болған фельдшердің отбасына қандай төлем төленеді?
- Ақтөбеде 64 жастағы ер адам 14 жастағы қызды жүкті қылды: Өңір басшысы не деді?
- Алғабастағы өрттен аман қалған 3 адамның жағдайы өте ауыр – министрлік
- Құлыбаевтар Halyk Bank-тегі үлестерінің бір бөлігін сатпақ
- Мәжілісмендер балалары мен науқас туыстары бар ата-аналардың жұмыс күнін қысқартуды ұсынды