Ақмола облысының тас жолында фура жол жиегінде тұрған көлікке соқтығысты
Фото: ҚазАвтоЖол
Астана – Көкшетау айналма тас жолында фура жол жиегінде жұмыс істеп жатқан тиегішпен соқтығысты, деп хабарлайды Orda.kz.
ҚазАвтоЖолдың мәліметінше, «Volvo» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Астана қаласы бағытында келе жатып, жылдамдық пен арақашықтықты сақтамай, жол жиегінде жұмыс істеп тұрған «КАЖсервис» ЖШС-нің тиегішімен соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан тиегіш жүргізушісі зардап шегіп, жедел жәрдем қызметі арқылы ауруханаға жеткізілді. Жол қызметкерлері күн сайын автожолдарда қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін маңызды жұмыс атқарады», деп жазды ҚазАвтоЖол.
Сондай-ақ ҚазАвтоЖол компаниясының ақпаратынша, 2025–2026 жылдары қыс кезінде жол-құрылыс техникасы қатысуымен 22 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, олардың барлығында көлік жүргізушілері кінәлі деп танылған. Сонымен қатар, 2025 жылы 6 жазатайым оқиға болып, оның 5-і жол-көлік оқиғасы болса, салдарынан 2 жол қызметкері қаза тауып, тағы 3 адам түрлі деңгейдегі жарақат алғаны айтылды.
Компания жүргізушілерден алдағы уақытта жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерге жақындағанда барынша мұқият болуға, жылдамдықты алдын ала төмендетуге және қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтауды сұрады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Ақмола облысының тас жолында фура жол жиегінде тұрған көлікке соқтығысты
- Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына кінәлі 10 жылға сотталуы мүмкін
- Енді атыраулықтар Ташкентке тікелей ұша алады
- Соғыс басталғалы бері Ормуз бұғазынан алғашқы Ирак танкері өтті
- Өскеменде полиция қызметкерін атып кеткен күдіктілер ұсталды
- Тағы бір танымал блогерге халықаралық іздеу жарияланды
- Полиция Шахтинск қаласындағы өртке кінәліні ұстады
- Зеленский Ресей жаппай қауіпті соққы жасауы мүмкін екенін мәлімдеді
- Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алды
- Трамп Иранмен уақытша бітімге келді: Соғыс 5 күнге тоқтады
- Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың бейтарап елдерді шарпып жатқанына қарсымыз: Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісімен кездесті
- Атырауда мереке кезінде 80-ге жуық бала ата-анасынан көз жазып қалды
- Алдағы күндері оңтүстік өңірлер 28 градусқа дейін жылынады
- Тоқаев «Тазару күніне» орай қазақстандықтарға үндеу жасады
- Нью-Йорк әуежайында ұшақ өрт сөндіру көлігіне соғылды: Зардап шеккендер бар
- Алматыда алып ағаш көшенің қақ ортасына құлап түсті
- Трамп Израильге барып, беделді марапат алуды қарастырып отыр
- Шахтинскіде газ жарылды: Сегіз адам зардап шекті
- Қар жеп жан баққан: Абай облысында 5 күн бұрын жоғалған малшы табылды
- Қазақстан мен Иран президенттері бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады