Ақмарал Әлназарова елде өршіген тұмауға қатысты пікір білдірді
Фото: stock.com
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова үкімет отырысында еліміздегі ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуалды баяндады, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлназарованың айтуынша, биылғы эпидемиологиялық маусым 1 қыркүйектен басталған. Маусым басталғалы бері елімізде ЖРВИ-ге шалдыққан 1 млн 461 мың адам тіркелген. Бұл 2024-2025 жылдардың өткен кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға төмен. Соның ішінде 66 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында ауырғандар екен.
Соңғы аптада республикада ЖРВИ-ге шалдыққан 183 мың адам тіркелген, 2024-2025 жылдары өткен эпидемиялық маусымының осыған ұқсас аптасымен салыстырғанда ауру жұқтырғандар 16 пайызға артқан.
«Биыл тұмаудың айналымы 41 аптада, яғни қазан айының бірінші жартысында, өткен эпидемиологиялық маусымнан сәл ертерек анықталды. Бұрын Қазақстан аумағында тұмаудың жаңа түрлері анықталған жоқ. ЖРВИ және тұмау белгілері бар науқастар тұмаудан ғана емес, басқа да вирустар бойынша тексеріледі. Республика бойынша риновирус, парагрипп, аденовирус, бокавирус, коронавирус, РС вирусы, метапневмовирустердің бар екені байқалады. ЖРВИ-дің 66 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында таралған», – деді Ақмарал Әлназарова.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы аптада республикада оқушылар арасында ЖРВИ-ді 6 мыңнан астам оқушы жұқтырған. ЖРВИ-мен ауырған науқастардың шамамен 4 пайызы оқушылар.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда ұлына дұрыс қарамаған әйел баласын бұрынғы күйеуіне беруге мәжбүр болды.
Жаңалықтар
- Қазақстанда Отбасы омбудсмені институты енгізіледі
- Дубай әуежайы қауіпсіздік қатеріне байланысты жұмысын уақытша тоқтатты
- СҚО-дағы тас жолда екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза тапты
- Кәсіби боксшы Мадияр Әшкеевтің АҚШ-тағы үйі өртеніп кетті
- 4700-ден астам қазақстандық елге оралды
- 7–9 наурызда Таяу Шығыстан келетін эвакуациялық рейстер
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды