Ақ үй Зеленскийдің Аляскадағы саммитке қатысуы туралы пікір білдірді
Фото: Heiko Becker / Reuters
Дональд Трамп екі көшбасшымен де үшжақты саммитке ашық, бірақ қазір Ақ үй Путинмен екіжақты кездесуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Orda.kz NBC-ге сілтеме жасай отырып.
Ақ үй Украина президенті Владимир Зеленскийді Аляскаға шақыру мүмкіндігін қарастыруда. Келесі аптада, дәлірек айтсақ 15 тамызда АҚШ және Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесуі өтеді.
Басылым америкалық жоғары лауазымды шенеунік пен ішкі талқылаулардан хабардар үш адамның мәлімдемесін қолданғанын жазды.
«Бұл мәселе талқылануда», деп хабарлады дереккөздердің бірі.
NBC сұхбаттастарының барлығы Зеленскийдің сапары келісілмегенін және оның Аляскаға келетіні әлі белгісіз екенін айтқан.
Ақ үйдің жоғары лауазымды өкілі телеарнаға бұл «әлі де» мүмкін екенін мәлім етті.
«Бәрі де осылай болады деп үміттенеді», - деді ол.
АҚШ Зеленскийді Аляскаға ресми түрде шақырды ма деген сұраққа Ақ үйдің жоғары лауазымды өкілі келесідей жауап берген:
«Президент (Дональд Трамп - ред.) екі көшбасшымен үшжақты саммит үшін ашықтық танытып отыр. Дегенмен қазір Ақ үй екіжақты кездесуді жоспарлауды басты тақырып ретінде қарастыруда».
Белгілі болғандай Украина мен ЕО елдері Ресей тарапынан бұған дейін ұсынылған Донбасстан бас тарту арқылы соғысты тоқтату шартын толықтай қабылдамады.
Иран Ислам Республикасының Жоғарғы көшбасшысының кеңесшісі Али Акбар Велаяти Кавказ аймағында АҚШ-тың дәліз құруына жол бермейтінін, бұл жағдайда Ресейдің Тегеранмен одақтас болу-болмауы маңызды емес екенін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Бүгін Оскар сыйлығының 98-ші марапаттау рәсімі өтеді
- Exit-poll: Референдумда 86,7% дауыс беруші жаңа Конституцияны қолдады
- Иранның жаңа рухани көшбасшысы Моджтаба Хаменеи Ресейге жеткізілді — БАҚ
- Жауапкершілікке тек бір азамат тартылды: Бас прокуратура мен ІІМ Референдум қорытындысын айтты
- Қазақстанда референдумдағы дауыс беру аяқталды
- Референдум-2026: Дезинформацияға қарсы күрес орталығы желідегі жалған ақпараттарды тіркеп жатыр
- Заңсыз активтерді қайтару аясында мемлекетке 1 трлн теңгеден астам қаржы құйылды – Бас прокуратура
- Қазақстанда сағат 16:00-дегі жағдай бойынша референдумдағы алдын ала қатысу көрсеткіші 64,43% болды
- Иран Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатудың екі шартын атады
- Референдум: Қаныш Сәтбаев атындағы университетте қалай өтіп жатыр?
- Назарбаев: Бір кезде мен Тоқаевты таңдадым, қазір де қолдаймын
- Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін журналистермен брифинг өткізді
- Қуандық Рахым референдумда дауыс берді, Димаш денсаулығына байланысты қатыса алмады
- Референдум: Мүмкіндігі шектеулі жандар қалай дауыс береді?
- Қазақстан полициясы күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр
- Референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы ақпарат жаңарды
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
- Назарбаев референдумда дауыс беруге келді
- Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді
- ОСК референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы дәл қазіргі мәліметті берді