Айсулууды өлтірген қандықол қылмыскер 15 жыл бойы өзге де әйелдерді өлтіргенін мойындады
Коллаж 24.kg
Қырғызстанда 17 жастағы Айсулуу Мұқашеваны өлтірді деген күдікпен ұсталған 41 жастағы Құмарбек Абдыров бірнеше қылмысын мойындады. Тергеу дерегінше, ер адамның өзге де зорлық пен кісі өлтіру істеріне қатысы болуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
24.kg порталының мәліметінше, күдікті Құмарбек Абдыров тергеу барысында алдымен 17 жастағы Айсулууды өлтіргенін, артынша бұрын жасаған қылмыстарын мойындаған. Бұл ақпаратты Қырғызстан ІІМ растады.
Абдыров тергеу барысында бұған дейін Қырғызстанда резонас тудырған қылмысқа тікелей қатысы бар екенін де мойындапты. Ол 2014 жылы Камила Дүйшебаева атты қызды тұншықтырып өлтірген. Марқұмның денесі Байтик ауылы маңындағы зираттан табылған. Сот-медициналық сараптама оны мойнынан орағышпен қылқындырғанын анықтады. Дәл осы сәтте дейін бұл қылмыстың мән-жайы толық ашылмай келген еді.
Абдыровтың басқа да қылмыстарға қатысы болуы мүмкін. Себебі ол бұған дейін мәйіттер табылған бірнеше орынды көрсеткен. Қазір тергеу бұл істердің мән-жайын анықтап жатыр.
Еске салайық, 17 жастағы Айсулуу Мұкашева қыркүйек айының соңында Ыстықкөл облысында аса қатыгездікпен өлтірілген болатын. 1984 жылы туған күдікті бұрын бірнеше рет істі болып сотталыпты. Тергеу мәліметінше, ол қызды Жениш ауылындағы «Азамат» жағажайы маңындағы алма бағына апарып, зорлап, кейін тұншықтырып өлтірген.
Айсулууды жерлегеннен кейін, Ыстықкөл облысында жүздеген адам митингке шықты. Жиналғандар биліктен балаларды зорлағандар мен әйелдерді өлтіргендерге жазаны күшейтуді талап етті. Осы оқиғадан кейін Қырғызстан президенті елде 2007 жылы алынып тасталған өлім жазасын қайта енгізу мәселесін қарастыруды тапсырды.
Жаңалықтар
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран