Айкөркемнің оққа ұшуына себепкер болған сарбаз 7 жылға сотталды

cover Фото: Ашық дереккөзден

Төрт жасар Айкөркемнің өліміне себепкер болған сарбаз сот шешімімен 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Сот дерегіне сәйкес Арман Жұман блок посқа жақындаған көлікке оқ ату туралы заңсыз бұйрық берген. Салдарынан көлікте отырған қыз бала Айкөркем Меделхан тіл тартпай қайтыс болып кетті.

Осы күнге дейін сотталушының әрекеті заң бұзушылыққа жатпай, ақталып келген болатын. Қылмыстық іс жабық сот отырысында «құпия» санатымен қаралды. Аппелияциялық шағым жәбірленуші тараптың наразылығы мен прокурордың наразылығынан қайта қаралды.

«Әскери соттың сот алқасы ақтау үкімін бұзып, жаңа үкім шығарды. Ол Ж.-ны Қылмыстық кодекстің 451-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (қару қолдана отырып, өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін) кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды» деп хабарлады сот. 

Сондай-ақ әскери қызметшілер тарапынан заң бұзушылықтар мен қылмыс жасауға ықпал еткен себептерді жою және алдын-алу мақсатында Қорғаныс істер министрінің атына жеке қаулы шығарылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар