Айдос Сарым Украинаның дрон шабуылын құптағандарды «террорист» ретінде жауапқа тартуды ұсынды
Фото: Ақорда
Мәжілістің 17 желтоқсандағы жалпы отырысында депутат «Аманат» партиясы мүшелерінің үкіметке сауалын оқып берді. Депутат Айдос Сарым Каспий құбыр желісі консорциумына (КҚК) жасалған дрондар шабуылын құптаған азаматтарды «террорист», «сатқын» ретінде жауапқа тарту керек деп есептейтінін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Парламенттің төменгі палатасының депутаты 2025 жылғы қарашаның соңында Қазақстан экономикасы үлкен қауіп алдында тұрғанын айтты. Бұл жағдай дрондардың Новороссийскідегі КҚК терминалына шабуыл жасап, танкерлерді мұнаймен толтыру құрылғысын зақымдағанынан туындаған.
«КҚК арқылы жылдық түсім 30 млрд доллар. Соның үштен бірі Қазақстан Ұлттық қорына түсіп, елдің салық түсімінің шамамен 20%-ын жабады. Мамандар есептеуінше, экспорт бір кідірсе, шығын 500 млн долларға жетуі мүмкін. Әлеуметтік желілерде азаматтар мемлекет үшін аса маңызды инфрақұрылымға жасалған шабуылды ашық қолдайтын, құптайтын жазбалар жарияланып жатыр», – деді Айдос Сарым.
Депутат 27 қарашадағы оқиға ел ішіндегі кейбір проблемаларды көрсеткенін атап өтті және әлеуметтік желідегі белсенділердің жазбаларына наразылығын білдірді, бірақ нақты адамдардың атын атамады. Оның ойынша, мұндай әрекеттер Қазақстанның ұлттық мүддесіне қайшы келеді. Сондықтан депутат жазбалардың авторларын «терроризмді насихаттау», «террорлық акт жасауға үндеу» және «сатқындық» баптары бойынша жауапқа тартуды сұраған.
Бұл депутаттық сауал Бас прокурор Берік Асылов пен вице-премьер Аида Балаеваға жолданды.
Еске сала кетсек, мәжіліс депутаты Ерлан Саиров қоғамда ру мен жікке бөлінетіндер қарасы көбейіп бара жатқанын, оның елдің тұтастығына қауіпті екенін айтқан еді.
Жаңалықтар
- Атырауда ер адамды пәтерде жабылып ұрып кетті
- Қазақстан мен Франция заңсыз мигранттарды кері қайтару жөнінде келісімге келді
- Айдос Сарым Украинаның дрон шабуылын құптағандарды «террорист» ретінде жауапқа тартуды ұсынды
- Депутат рушылдыққа шектеу қоюды ұсынды
- Air Astana акционерлерінің бірі өз үлесінің бір бөлігін сатпақ
- Тәуелсіздік күні көлікке ту ілгендерді полиция тоқтатты
- Air Astana ұшағы Алматыға шұғыл түрде қонды
- Қазақстанның батысында 70-ке жуық шетелдік қар құрсауынан құтқарылды
- Түркістанда араб тіліндегі ең көне қолжазба табылды
- Қазақстан көршілеріне беретін мұнай көлемін күрт ұлғайтты
- «Қайрат» футбол клубтарының әлемдік рейтингіне шықты
- Ресейден қашқан жасөспірім: «Путиндік саясатқа қарсымын»
- Желтоқсан оқиғасының куәгерлері Алматыдағы алаңға барып құран бағыштады
- Инфосығандарды «ауыздықтайтын» уақыт келді: коучсымақтар біліктілігін дәлелдесін
- Тәуелсіздік күні Алматыдағы телемұнараның келбеті жаңартылды
- Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қою рәсімі өтті
- Тәуелсіздік күні Астана мен Алматыда қайда баруға болады
- ҚР ІІМ алаяқтықтың ең кең таралған түрлерінен сақтануды ескертті
- Украина мен АҚШ Берлиндегі келіссөздерде бейбітшілік формуласын табуға тырысты
- Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады