Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады

cover Бейнеден кадр

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы азаматтарды қорлайтын материал таратқан, өзін «ұстаз» санайтын Нұржан Смағұловты әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Orda.kz.      

Жұртқа өзін діни «ұстаз» ретінде таныстыратын Н.Смағұлов Instagram әлеуметтік желісінде азаматтарды қорлау белгілері бар пікір айтып,  видеоматериалдар жариялаған. Нақтырақ айтар болсақ,  ол адамдарды «сиырмен» салыстырған.

Аталған факті бойынша Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы қызметкерлері «жалған ұстазға» қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әкімшілік хаттама жасады.

Сот шешімімен Н.Смағұлов әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, яғни 108 125 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ басқа азаматтардың сенімдері мен дүниетанымына құрметпен қарау қажеттігін еске саламыз.

Еске салсақ, былтыр Нұр-Мүбарак ислам мәдениеті университетінде дәріс оқыған ұстаз Нұржан Смағұл әлеуметтік желіде қызу талқыланған «педофилдердің болуы — Алланың бар екеніне дәлел» деген пікір білдіріп, басы дауға қалған болатын. 

Оқи отырыңыз: 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар