Ақтөбе облысында жол апаты болып екі адам қайтыс болды

cover

Ақтөбе облысында жол апатынан атасы мен немересі қаза тапты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Облыстық полицияның мәліметінше, апат 13 шілдеде болған.

– «ВАЗ-2114» маркалы автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі - Темір ауданының тұрғыны, Ақтөбе жағынан Темір ауданының Кеңқияқ кенті бағытында, облыстық маңызы бар «Покровка-Жаңажол» автожолының 30 шақырымында (Кеңқияқ кентінің маңында) автокөліктің аударылуына жол берген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушісі мен оның 15 жастағы немересі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, ал 18 жастағы немересі Кеңқияқ кентіндегі ауруханаға жатқызылды,- деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар