9 мамырда бітімгершілік болмайды: Зеленский Путиннің ұсынысын қабылдамады
Фото: Зеленскийдің телеграм-арнасы
Оның орнына Зеленский 30 күндік оқ атуды тоқтатуды талап етуде, деп хабарлайды Orda.kz украиндық БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Украина президенті Ресей көшбасшысы Владимир Путиннің 9 мамырдағы үш күндік бітімгершілік туралы ұсынысын қабылдамады және 30 күнге оқ атуды тоқтатуды талап етеді.
«Сөзсіз оқ атуды тоқтату - америкалықтар ұсынған модель. Біз оны қабылдаймыз. Осы күннен бастап немесе басқа күннен бастап - мүмкіндігінше ертерек. Иә, 30 күнге байқап көрейік. Неліктен 30 күнге оқ атуды тоқтату керек? Себебі үш, бес, жеті күн ішінде ештеңе келісу мүмкін емес», - деп мәлімдеді Украина басшысы.
Сондай-ақ, Зеленский Украина 9 мамырда Мәскеуге келетін әлемдік көшбасшылардың қауіпсіздігіне кепілдік бермейтінін айтты.
Бұған дейін Украина көшбасшысы Путин ұсынған бітімгершілікті «айла-шарғы жасау әрекеті» деп атаған және Украина наурыздың өзінде-ақ Американың бітімгершілік туралы бастамасына келіскенін атап өткен. Оның айтуынша, ұрыс қимылдарын тоқтату үшін 8 мамырды күтудің қажеті жоқ.
Бұған дейін Орда Путин Пасха келісімін жариялап: Зеленский оны қолдап, 30 күнге ұзартуды ұсынғаны туралы жазған болатын.
18 наурызда Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті. Ақ үй басшысы екі тарапқа да 30 күн мерзімге энергетикалық инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасаудан бас тартуды ұсынды. Путин бұл бастаманы қолдады.
Жақында Хамас та Газадағы соғысты тоқтатуға, барлық кепілге алынғандарды босатуға және бес жылдық бітімгершілік орнатуға дайын екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ Трамптың арнайы өкілі 1945 жылғы Берлин сценарийі бойынша Украинаны «бөліп алу» мүмкіндігін айтты.
Жаңалықтар
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан
- Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан
- Трамп Тоқаевты Майамиге шақырды
- Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер
- Ұлдары әкесін ұрып-соғып келген: Жетісу облысында жанжал айлар бойы жалғасып жатыр
- Израиль Каспий теңізі аймағындағы Иран нысандарына шабуылдады
- Таяу Шығыстағы жағдай: Трамптың мың құбылуы мен жоғары лауазымды тұлғалардың өлімі
- Сауд Арабиясы: Иранға деген сенім жойылды