«8 келі синтетикалық есірткі алған сәтінде ұсталды». ҰҚК халықаралық есірткі контрабандасы арнасын жойды

cover Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Биылғы жылдың қаңтар айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттің құзырлы органдарымен бірлесіп халықаралық есірткіге қарсы операция жүргізді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.  Бірлескен іс-қимылдардың нәтижесінде Алматы қаласында 8 келі синтетикалық «метамфетамин» затын алу кезінде Қазақстан Республикасы азаматы ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сот санкциясымен ұсталған азаматқа қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар