7-11 маусымға кино шолу: Большая маленькая жизнь, Зомбэты, Сократы

Бәріміз білетіндей пандемия салдарынан көптеген салалар шығынға батты, оның бірі – отандық киноиндустрия. 2020 жылдың наурызынан бастап көрермендер назарына ұсынылған фильмдердің саны едәуір азайды.
Orda.kz редакциясы жағдайдың қиындығына қарамастан өз оқырманына апталық кино шолу ұсынады.
Кино шолу отандық 3 үздік туындыны қамтиды:
ЗОМБЭТЫ

ЗОМБЭТЫ – 2020 жылы 7 қарашада YouTube платформасы арқылы көрерменге жол тартқан хикаяның бүгінде 2 маусымы басталды. Ол өзінің 1 млн-ға жуық тұрақты аудиториясын жинаған. Хикаяның жаңа бөлімдері апта сайын шығады. Сәрсенбінің сәтті күні 2 маусымның 1 бөлімі жарияланған. Әр бөлімнің хронометражы шамамен 20 минут. Жанры – комедия.
Сипаттамасы: Оқиға 2021 жылы өрбіді. Ғалымдар адамдарды қанға құмар нағыз зомбиге айналдыратын жаңа вирус тапты. Алайда, вирустан аман қалғандар көп емес.
Достыққа адал батыл жігіттер көрермендерге постокалиптикалық әлемде қалай тірі қалуды үйретеді. Сондай-ақ, арасында үзіліс жасап тұру керектігін де ұмытпайды.
2-маусым. Бірінші маусымдағы оқиғаның аяқталғанына бір жыл өтті. Кейіпкерлер өзгерді ме?
Басты кейіпкерлер жаңа әлемде адамдар зомбиге қарағанда әлдеқайда айлакер әрі қорқынышты екенін түсінуі керек. Ешкімге сенуге болмайды.
Бұрынғыдан да қиын жағдайлар, шытырман оқиғалар және өлім. Олар бәрінен бірге өтіп, достықтарын сақтап қала ала ма?
Бұл сериял ТМД елдері ішінде алғаш рет зомби апокалипсисті өзге қырынан көрсетеді.
БОЛЬШАЯ МАЛЕНЬКАЯ ЖИЗНЬ

БОЛЬШАЯ МАЛЕНЬКАЯ ЖИЗНЬ («Үлкенді кішілі өмір») – үлкен экранда 2021 жылы 3 маусымда жарыққа шықты. Жанры – драма, мелодрама. Хронометражы 1 сағат 20 минут.
Сипаттамасы: Аяла, шығыстың барлық әйелдері сияқты, өзінің үлкен кішкентай өмірін сәтті, өзін-өзі қамтамасыз ететін және өзіне сенімді әйелдің нәзік келбетіне жасырады. Ол кім? Іскер әйел ме? Әлде өткенмен өмір сүретін, естеліктерінде барынша батып кетпеуге тырысып жүрген нәзік, әлсіз әйел ме?
Бірақ басты сұрақ: нағыз әйел не үшін жаралған – сүйіп, бәрін есте сақтау үшін бе, әлде сүйікті болып, өткенді босату үшін бе?
СОКРАТЫ
СОКРАТЫ – деректі фильм әлі жарыққа шықпаған. Оның қазіргі таңда тек трейлері әлеуметтік желіде жүр. Жанры – деректі фильм.
Сипаттамасы: Фильмнің кейіпкерлері – жастары бір, жынысы, ұлты әр түрлі және түрлі мектептің оқушылары, оқу үлгерімі мен интеллектуалды деңгейі әр түрлі балалар.
Фильмнің мақсаты - адамзаттың өзекті және бітпейтін мәселелеріне басқа қырынан қарау.
Orda.kz редакциясы оқырмандарына көптеген фильмдердің қашан жарыққа шығатыны әлі де белгісіз болып тұрғанын еске салады. Алайда редакция сүйікті оқырмандарына апта сайын кино шолу жасап, фильм мен көрермен арасында байланыс орнатуға барынша ат салысады.
Көрілім көңіліңізден шықсын!
Жаңалықтар
- Тасмағамбетовтің күйеу баласы украиналық «БТА Банкті» сатылымға шығарды
- «Бір кереует 1,2 млн теңге»: Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасындағы былық ашылды
- «Азаттық радиосы» журналистері Сыртқы істер министрлігін сотқа бермек
- Алматы тауларында жоғалған ҚБТУ студентінің мүрдесі табылды
- Дикий Арманның сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды
- Тоқаев Назарбаев айырылған лауазымға ие болды
- Ресейде тағы бір қазақстандықты «мемлекетке опасыздық жасады» деп 17 жылға соттады
- Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды
- Назарбаев дәуірінің ізі: ҚТЖ-ның жаңа басшысы Талғат Алдыбергенов туралы не белгілі?
- Жамбыл облысының тұрғыны көмекке келген фельдшердің кеудесіне оқ атты
- Маңғыстаудағы кен орнында бұрғылау мұнарасы құлады
- 13 мүрде шыққан Almaty Hostel-ге қатысты үкім: Неге көп сұрақтар жауапсыз қалды?
- Қажылыққа жинаған ақшасын мұқтаж жандарға үлестірген 94 жастағы ақсақалға Меккеге жолдама сыйланды
- Шенеуніктің шымбайына батқан сын: Ұлытау облысының әкімі көпбалалы анадан 495 мың теңге өндіріп алмақ
- «Орданы» аждаха жұтпақ: Гүлнәр Бажкенова тәуелсіз басылымды қалай тартып алғалы жатқандарын айтып берді
- «Екінші мәрте»: Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды
- Астанада Үкімет үйіне өрт қойған 24 жастағы ер адам ұсталды
- «Мен күйеуімді жақсы көремін»: Qurt-тың жұбайы зорлық туралы шағымын қайтарып алды
- Тоқаев Трамптың баж салығына қатысты хатына жауап қайтарды
- Перизат Қайраттың тергеу изоляторында соққыға жығылғаны жалған болып шықты