50 мың адамы бар қала. Тоқаев жаңа жарлыққа қол қойды

cover

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлады.

Осылайша мемлекет басшысы шешім қабылдады:

  1. Ақмола облысының Целиноград ауданы одан Қосшы ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
  2. Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын.
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
  4.  Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Нұр-Сұлтан маңындағы Қосшы ауылының облыстық маңызы бар қала мәртебесін алуы мүмкін екендігі туралы 2021 жылы сәуірде хабарланған.

Қосшы ауданы 2413 гектар аумаққа ие. Ауылдан облыс орталығы Ақмолға дейінгі ара қашықтық 36 шақырым, ал астанаға дейін 20 шақырымнан сәл асады. Ауыл тұрғындары – 50 600 адам.

Ауылда үш орта мектеп, оның ішінде бір жеке меншік, 22 балабақша (оның біреуі мемлекеттік), мәдени орталық, дүкендер, дәріханалар, кафелер мен мейрамханалар бар.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар