5 күн зорлады: Қарағанды облысында 15 жасар қызға үйленген 38 жасар ер адам ұсталды

cover Фото: Envato

Абай қаласында15 жасар қызға үйленіп, 5 күн зорлаған 38 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Зорлық көрген 15 жастағы қызға қатысты жаңа деректерді НеМолчи.kz қоры мәлімдеген болатын. Артынша мәлім болғандай, өгей әкесі тұрмысқа берген 15 жастағы қызға зорлық көрсеткен 38 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«15 жастағы қызға қатысты қылмыс жасады деген күдікпен 38 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицияға арыз 15 наурызда келіп түсті, содан кейін дереу қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу аясында оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тиісті сот сараптамалары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады полиция департаменті.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар