30 мың теңге үшін соққы: Атыраудағы жан түршігерлік оқиға бойынша іс қозғалды
Фото: Elements.envato.com
Атырау тұрғыны 30 мың теңге қарызы үшін бұрынғы танысынан оңбай таяқ жеп, ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді. Жантүршігерлік оқиға балалардың көз алдында болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Атырау облыстық ауруханасының алдында зардап шеккен азаматтың жұбайы Анаргүл Мұғзарова күйеуі Руслан Жолмағамбетовтың жағдайы өте ауыр екенін айтты. Оның айтуынша, күйеуіне бұрынғы әріптесі шабуыл жасаған. Ол Русланнан қарызға ақша алғанымен, бірнеше ай бойы хабарсыз кеткен. Жәбірленуші үйінің маңында күдіктіні кездестіріп қалып қарызын сұраған сәтте ашуланып, оған жұдырық ала жүгірген.
«Күйеуімді аса қатыгездікпен ұрып-соқты. Бәрі балаларымыздың көз алдында болды. Мен есеңгіреп қалдым. Видеоға түсіруге де, балаларды көлікке отырғызуға да шамам жетпеді. Үлкен қызымызда тырыспа ұстамалары бар, ал кішкентайымыздың жүрегінің ақауы бар. Сол сәтте олар да зардап шеге ме деп қорықтым», — дейді Анаргүл Мұғзарова.
Анестезиолог-реаниматолог Дархан Жақсылықовтың мәліметінше, науқас ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Дәрігерлер ер адамға өңеш жарақаты мен медиастинит диагнозын қойған. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Жағдайы — тұрақты ауыр.
Туыстарының айтуынша, 40 жастағы күдікті оқиғадан кейін кешірім де сұрамаған. Полиция бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
«18 маусым күні 1985 жылы туған азаматты ұру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. 1985 жылғы күдікті ұсталып, тергеуге алынды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қорытынды шыққаннан кейін соңғы процессуалдық шешім қабылданады», — деді Атырау облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Мейірім Ердәулет.
Зардап шеккен азаматтың жұбайы шабуыл жасаған адамның заң алдында жауап бергенін талап етіп отыр. Оның айтуынша, мұндай әрекет, әсіресе балалардың көз алдында болған жағдай жазасыз қалмауы тиіс.
Жаңалықтар
- Зеленский: Үшжақты келіссөздердің кезекті раунды келесі аптада өтуі мүмкін
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды