3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады

cover Фото: Air Astana

Сыртқы істер министрлігі 3 және 4 наурыз күндері Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды елге қайтара бастайды, деп хабарлайды Orda.kz.  

Негізгі рейстер легі Сауд Арабиясы арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанның Сауд Арабиясындағы елшісі Мадияр Меңілбеков әуе компаниялары ұшуға қажетті барлық құжаттарды рәсімдеп қойғанын айтты. Оның сөзінше, корольдіктен Мәдина мен Жидда әуежайлары арқылы барлық қажылар елге жеткізіледі.

Еске салсақ, 1-наурызда Қазақстанның Ирандағы елшілігі еліміздің азаматтарына ресми үндеу жариялап, эвакуацияға дайын болуды сұраған болатын. Иран аумағында жүрген қазақстандықтарға жеке қауіпсіздік шараларын күшейту ұсынылды.  

Осыған байланысты СІМ төмендегі ұсынымдарды қатаң сақтауды сұрайды:

  •  адам көп жиналатын орындарға барудан және бұқаралық іс-шараларға қатысудан бас тарту;
  • жергілікті билік органдары мен ресми ақпарат көздерінің хабарламаларын тұрақты түрде қадағалау;
  • қажетсіз сапарларды шектеу;
  • жеке құжаттарды әрдайым өзіңізбен бірге алып жүру;
  • туындауы мүмкін төтенше жағдайларға дайын болу;
  • Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен тұрақты байланыста болу.

Оқи отырыңыз: 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар