25 желтоқсаннан бастап бірден үш мобильді оператор тарифтерін қымбаттатады
Фото: Pixabay.com
Altel, Tele2 және Beeline 25 желтоқсаннан бастап абоненттік төлемнің өсетінін ескертті. Компаниялар мұны шығындардың артуымен және ҚҚС мөлшерінің көтерілуімен түсіндіреді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жаңа салық жүктемесі бүкіл саланы қамтымақ. ҚҚС-тың ұлғаюы мобильді операторларға қосымша 35 млрд теңге шығын әкеледі. Операторлар тарифтердің қымбаттауын осылайша түсіндірді.
«Тарифтерді қатырып қою инвестициялардың азаюына және байланыс сапасының нашарлауына әкеледі. Егер біз бағаларды түземесек, желі жүктемеге төтеп бере алмайды, бұл цифрландыруды тежейді» деп мәлімдеді Beeline өкілдері.
Tele2 және Altel де тарифтердің өзгеруі «мәжбүрлі шара» екенін ескертті. Компаниялар абоненттерді тарифтің жаңаруы туралы SMS арқылы 30 күн бұрын хабардар ететінін айтты.
Бұған дейін біз операторлардың интернет тарифтерін 15–20 % көтеруді жоспарлап отырғанын жазғанбыз. Tele2 өкілдері мұны желіге түсетін жүктеменің артуымен байланыстырды: интернет тұтыну өсіп келеді, ал инфрақұрылым оны көтеруге келмейді. Kcell-де де тарифтерді түзету мәселесі қарастырылып жатқанымен, нақты шешім барлық шығындар толық зерттелгеннен кейін қабылданатыны айтылды.
2023 жылы жұртшылықтың тарифтердің көтерілуіне қатысты көптеген шағымдарынан кейін ұялы байланыс операторлары тексерілді. Тексеруге тарифтік төлемнің өсуі, сондай-ақ абоненттерге қойылатын талаптардың өзгеруі себеп болған еді.
2022 жылы «Қазақтелеком» АҚ-ның сол кездегі басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтен жауап алу хаттамасы жарияланды. Онда телефон және интернет байланысы саласындағы монополист компанияның басшысы Қайрат Сатыбалдының келуі үлестес тұлғалармен тиімсіз келісім-шарттардың жасалуына қалай әсер еткенін айтқан болатын.
Жаңалықтар
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды
- Қаласақ, қызық үшін тағы бірнеше соққы жасай аламыз — Трамп
- Білім министрлігі Қазақстандағы шетелдік университет филиалдарында оқуға грант бөледі
- Наурызнама мерекесі аясында 747 спорттық іс-шара өтеді
- 16 наурызға арналған ауа райы болжамы: Бірқатар өңірде дүлей дауыл соғады
- 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленді: Жазда парламент сайлауы өтеді
- Бүгін Оскар сыйлығының 98-ші марапаттау рәсімі өтеді
- Exit-poll: Референдумда 86,7% дауыс беруші жаңа Конституцияны қолдады
- Иранның жаңа рухани көшбасшысы Моджтаба Хаменеи Ресейге жеткізілді — БАҚ
- Жауапкершілікке тек бір азамат тартылды: Бас прокуратура мен ІІМ Референдум қорытындысын айтты