2430 жылға сотталуы мүмкін: Стамбұлдың экс-мэріне қатысты сот басталды
Фото: Mehmet Masum Suer/SOPA
9 наурызда Түркияда Стамбұлдың бұрынғы мэрі Экрем Имамоғлы ісі бойынша сот процесі басталды. Экс-әкімге тағылған айыптардың жиынтығы бойынша ол 2430 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 55 жастағы Экрем Имамоғлыға 140-тан астам айып тағылған. Олардың қатарында сыбайлас жемқорлық және қылмыстық ұйымды басқару сынды айыптар бар. Прокуратура оны 2430 жылға дейін түрмеге қамауды талап етіп отыр.
Сыбайлас жемқорлық ісінен бөлек, прокуратура оны тағы бірқатар қылмыстарға, яғни тыңшылық және университет дипломын қолдан жасау бойынша айыптаған. Бұл диплом оған президенттікке үміткер болу үшін қажет болған. Бірақ кейіннен оның күші жойылған.
Сонымен қатар Имамоғлының 407 жақтасы да сот алдында жауап бермек. Олар оппозициялық саясаткер басқарған сыбайлас жемқорлық ұйымын құрды деп айыпталуда. Прокурорлар экс-мэрді осы ұйымның «негізін қалаушысы әрі жетекшісі» деп атады.
Алайда бұрынғы әкім мен оның жақтастары барлық айыптарды жоққа шығарып отыр. Олар Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен оның одақтастарын саяси қысым ұйымдастырдыдеп айыптады.
Еске салайық, былтыр 19 наурызда Стамбұл мэрі Экрем Имамоғлы ұсталды. Алайда мэр ұстала салысымен халық наразылық танытып, көтеріліске шықты. Полиция 2000-ға жуық адамды ұстап әкеткен еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы
- Трамп: АҚШ Иранға жасалатын соққы қарқынын 20 есе арттыруы мүмкін
- Қырғызстанда мектеп маңында зиян тағам сатуға тыйым салынады
- Тегеран Түркия, Әзербайжан және Кипрге шабуыл жасамаған — Иран СІМ
- 2430 жылға сотталуы мүмкін: Стамбұлдың экс-мэріне қатысты сот басталды
- Ирандағы «мұнай аралас жаңбыр»: ДДҰ дабыл қақты
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіті табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр