24-28 мамырға кино шолу: Батыр, Изоләция, 41-ші жылдың жазы
Бүгінде пандемия салдарынан өндіріс ошақтары ғана емес, руханият та зардап шегіп отыр. Әлемдік киноиндустрияға тигізген індет салдары Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Былтырғы елімізде шектеулер енгізіле бастаған уақыттан бері отандық кино өнімі де көрермен көзайымы болатын киноларды ұсынуды сиреткен.
Orda.kz редакциясы кино өндірісіндегі қиындықтарға қарамастан, шектеу шеңберінде қалған көрермендерге апта сайын шолу ұсынады.
Бұл жолы отандық ең үздік деп танылған 3 туындыны ұсынамыз:
ИЗОЛӘЦИЯ
ИЗОЛӘЦИЯ – 2021 жылы сәуірде YouTube платформасы мен 7 арна арқылы көрерменге жол тартқан хикаяның 6 бөлімі шыққан. Ол бүгінде 300 мыңға жуық өзінің тұрақты аудиториясын жинады. Хикаяның жаңа бөлімдері әр түрлі уақытта шығып тұрады. Әр бөлімнің хронометражы шамамен 30 минут. Жанры – комедия.
Сипаттамасы: Көктем келіп құлпыра түскен Алматы қаласында күн салқындап, ауа-райы күрт бұзылуымен қоса, қаламыздың бас санитарының нұсқауымен М. Мақатаев көшесі 90-үй карантинге жабылды.
Заман талабына сай бейімделген қала тұрғындары – Ахметовтер отбасы, болашақ құда-құдағиымен танысу үшін ауылдан ат терлетіп келген Өтебаевтарды шақырады. Өзара келісе алмай жатқанда, карантинге жабылды. Оқуын жалғастыру үшін кеше ғана ауылдан келіп, енді пәтер жалдамақ болған Мереке Қалбаева да құрбыларымен карантинге қамалады. Жақында ғана жас отбасы деген мәртебеге ие болған жұп – Ақболат Өтебаев пен Мадина Оспан енді ажырасуға мәжбүр.
Тіпті сол сәтте ұрлыққа түскен ұрылар «Жетінші арнадағы» Jaidarman Cup көңілді тапқырлар жобасының үздік командасы, барлығы кенеттен карантинге жабылды. Бұл көпқабатты үйге тек азық-түлік тасымалдаушысы Еділ Анарбай келіп тұрады.
Әртүрлі жағдайға байланысты үйде болған, кенеттен үйқамаққа қамалған кейіпкерлер енді өз мәселелерін қалай шешеді екен?
ЛЕТО 41-ГО ГОДА (41-ЖЫЛДЫҢ ЖАЗЫ)
ЛЕТО 41-ГО ГОДА («41-жылдың жазы») – үлкен экранда қашан көрсетілетіні әлі белгісіз. Жанры – соғыс драмасы. Хронометражы 1 сағат 30 минут.
Сипаттамасы: Фильм ғалым, жазушы, қоғам қайраткері Әди Шаріповтың шынайы оқиғасымен бөліседі. Ол Ұлы Отан Соғысы кезінде Белорусь ормандарында 28 ай партизан болған.
Отандық киноны қолдау орталығының көмегімен Белоруссияға 17 маман түсірілімге ұшып кетті.
Режиссер Бекболат Шекеровтың айтуынша, соғыс туралы да бейбіт түрде түсіруге болады.
БАТЫР
БАТЫР (қысқа метр) – кино 2020 жылы жарыққа шыққан. Хронометражы 20 минут 32 сек. Жанры – қысқа метр.
Фильм қоржынында Лондон кинофестивалінің үздік фильм және үздік әйел рөлі үшін 2 сыйлығы бар.
Сипаттамасы: Динаның ұлы қатты ауырып қалды. Күн өткен сайын ұлы өлім аузына жақындай түсуде. Жесір әйел аз ғана уақыт ішінде қажетті қомақты қаржыны қайдан табады?
Дина ақша үшін бастығымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүр болады. Тек осы түн Динаның өмірін өзгертеді. Ол ұлын құтқарады, бірақ әйел ретінде өзін мәңгілікке жоғалтады.
«Батыр» атты қазақстандық қысқаметражды фильм Мадридтегі SHORT OF THE YEAR – WINTER 2022 кинофестивалінде «SPECIAL JURY MENTIONS PROMOFEST» сыйлығымен марапатталды.
Фильм 1977 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Германияның Сельбе қаласында өткен беделді Еуропалық кинофестивальдің ресми бағдарламасына енді.
Сондай-ақ, Англиядағы 63-ші Халықаралық Рочестер кинофестивалінің ресми бағдарламасына кірді.
Фильмде басты рөлде «Serjan Bratan» веб-сериалында ойнаған – Жанель Серғазина.
Orda.kz редакциясы оқырмандарына көптеген фильмдердің қашан жарыққа шығатыны әлі де белгісіз болып тұрғанын еске салғымыз келеді. Алайда редакция сүйікті оқырмандарына апта сайын кино шолу жасап, фильм мен көрермен арасында байланыс орнатуға барынша ат салысады.
Көрілім көңіліңізден шықсын!
Жаңалықтар
- Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен шектескен шекараны толық жауып тастады
- Алматы қаласында 38 жастағы ер адам 11 жастағы қызды зорлады
- Алматыда автобус 5 жастағы баланы соғып кетті
- Қазақстан әскерінде жаңа жүйе: Әлімжеттікке қарсы жасанды интеллект
- Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне «Астарлы ақиқат» бағдарламасы кінәлі ме?
- «Шыдамы шегіне жетті»: Ринат Зайытов ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды талап етті
- Алматыда мемлекеттік қызметтшілер спорттан миллиондарды жымқырды
- Қостанайлық диджейге қатысты сот үкімі шықты
- «Кіші жүз – транс жүз»: Алматыда «Лесбиан жиыны» өтті
- Алматы облысының экологиясына 204 млн теңге зиян келтірілген
- «Премьер-Министрдің орынбасары»: 113 млн теңге пара алған азамат сотталды
- ІІМ: Қазақстанда екі жарым айда 20 мыңнан астам жас әскерге алынады
- Талдықорғанда өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды
- Қаржы министрлігінің жоғары лауазымды шенеуніктері 68 млн тенге пара алу кезінде ұсталды
- LRT ісі бойынша негізгі күдіктілер Қазақстанға оралмады
- Дариға Назарбаеваның күйеуінің мұнай компаниясы акционерлерін дивидендсіз қалдырды
- «5 млнға жуық»: Алимент төлемеген ер адам құрықталды
- Бұрынғы Әділет министрі Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі 3 айға ұзартылды
- «Қазақстан өзіңді еркін сезінетін ел емес»: қазақстандық боксшы қыз АҚШ әскері қатарына қосылады
- Бұрынғы судья Светлана Жолманова ұсталды